Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

АИТВ-ның алдын алу – жауапты таңдаудың бастамасы

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мобильді тобы Тараз қаласындағы Қылыстық-атқару жүйесі комитетінің №26 мекемесінің қызметкерлерімен алдын алу мақсатында ақпараттық кездесу өткізді.

🔹 Шара репродуктивті денсаулықтың маңызын түсіндіру, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) мен АИТВ-дан сақтану жолдарын кеңінен насихаттауға бағытталды. Сонымен қатар, В және С вирустық гепатиттерінің алдын алу шаралары да айтылды.

📊 Мамандар жұқпалы дерттердің қазіргі ахуалы, таралу себептері және ерте анықтау мен емдеудің маңызын нақты мысалдармен түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.

🛡 Қызметкерлер қорғану тәсілдері, жеке сақтық шаралары және салауатты өмір салты туралы мол ақпарат алды.

📄 Барлық қатысушыларға ақпараттық парақшалар мен жадынамалар таратылып, жеке сауаттылықты арттыруға бағытталған кеңестер берілді.

🧪 Іс-шара аясында 24 қызметкерден ИФА әдісімен қан алынса, тағы 11 адам жедел тестілеуден өтті. Нәтижелер әр қызметкерге жеке түрде хабарланатын болады.

✅ АИТВ-дан қорғану – тек медициналық шара емес, бұл – әр адамның өз өміріне деген жауапкершілігі.