Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

АИТВ/ЖИТС -тің алдын алу шаралары жалғасуда

🔰Ағымдағы жылдың 14 ақпанында «Доктора Абдуалиева медициналық орталығы» ЖШС базасында «АИТВ/ЖИТС-тің Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдайы. АИТВ/ЖИТС бойынша нормативтік-құқықтық актілер. АИТВ инфекциясына тестілеу ережелері. АИТВ/ЖИТС» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты – қатысушыларды АИТВ инфекциясының таралу деңгейі мен оған қарсы жүргізіліп жатқан шаралар, сондай-ақ АИТВ инфекциясын тестілеу ережелері мен алдын алу шаралар туралы ақпараттандыру болды.
🔹Аталған семинарды Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөліміннің эпидемиолог дәрігері Г.Ахметова және емдеу алдын алу көмек бөлімінің дәрігері Г.Байдаулетова жүргізді. Олар өздерінің тәжірибесі мен білімдерін бөлісіп, қатысушыларға АИТВ инфекциясының таралуына қарсы күрестің маңыздылығын түсіндірді.
🔹Семинарда АИТВ/ЖИТС -тің алдын алу шаралары мен АИТВ инфекциясын диагностикалау тақырыбы да кеңінен талқыланды. Инфекцияның таралуын болдырмау үшін қандай алдын алу шараларды қолдану керектігі, сондай-ақ, АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарға көрсетілетін медициналық көмек жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар, стигма мен дискриминация мәселесі де күн тәртібінде болды. Бұл тақырыптың өзектілігі қазіргі қоғамда АИТВ инфекциясы бар адамдарға деген теріс көзқарастар мен әлеуметтік қиындықтарды жеңу қажеттілігімен байланысты.
✅Семинардың соңында қатысушылар өздерінің сұрақтарын қойып, кәсіби мамандардан нақты жауаптар алды.