Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Айшабибі ауылында орналасқан №7 орта мектебінде дәріс өтті

Жамбыл ауданы Айшабибі ауылында орналасқан №7 орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына арналған Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог маманы М.Бегманованың қатысуымен ақпараттық дәріс өткізілді.
Кездесу барысында маман Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы АИТВ инфекциясының қазіргі эпидемиологиялық ахуалына тоқталып, өңірде жүзеге асырылып жатқан алдын алу шаралары мен тұрақты ақпараттық жұмыстың маңыздылығын түсіндірді.
Дәріс аясында АИТВ инфекциясының, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу жолдары, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы кеңінен қамтылды.
Дәрістен кейін жоғары сынып оқушыларымен сұрақ-жауап форматындағы танымдық ойындар өткізілді. Ойын барысында АИТВ инфекциясының жұғу жолдары мен жұқпайтын жағдайлары нақты мысалдар арқылы түсіндіріліп, оқушылардың білім деңгейі пысықталды. Қатысушылар белсенділік танытып, өз ойларын ашық білдіріп, мамандарға сауалдар жолдады.
Сонымен қатар, ЖИТС орталығының мейірбикесі А.Кокибаева оқушыларға ақпараттық бүктемелер таратып, қосымша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу соңында жоғары сынып оқушылары өздерінің сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты әрі кәсіби жауаптар алды.