Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Айшабибі ауылында орналасқан Айшабибі орта мектебінде дәріс өтті

Жамбыл ауданы, Айшабибі аувлда орналасқан Айшабибі орта мектебінде Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог маманы М.Бегманова жоғары сынып оқушыларына арналған ақпараттық дәріс өткізді.
Кездесу барысында маман Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы АИТВ инфекциясының қазіргі эпидемиологиялық ахуалына тоқталып, өңірде жүзеге асырылып жатқан алдын алу шаралары мен тұрақты ақпараттық жұмыстың маңыздылығын түсіндірді.
Дәріс аясында АИТВ инфекциясының, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу жолдары, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы кеңінен қамтылды.
Дәрістен кейін оқушылармен сұрақ-жауап түріндегі танымдық ойындар өткізілді. Ойын барысында АИТВ инфекциясының жұғу жолдары мен жұқпайтын жағдайлары нақты мысалдар арқылы түсіндіріліп, оқушылардың білім деңгейі пысықталды. Қатысушылар белсенділік танытып, өз ойларын ашық білдіріп, мамандарға сауалдар жолдады.
Сонымен қатар, ЖИТС орталығының мейірбикесі А.Кокибаева оқушыларға ақпараттық бүктемелер таратып, қосымша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу соңында оқушылар сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты әрі кәсіби жауаптар алды.