Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Ақпарат алу мен тексерілу – қауіпсіз өмір кепілі!

 

🔹Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оныменкүрес жүргізу орталығының мобильді тобы Тараз қаласындағы бірқатар нысандарда ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

🔹Іс-шара барысында “MED QYZMET” Em-Shara кабинеті, “Тіс дәрігері” тіс емханасы, “JOPSI” оптикасы, “CVETOSHKA” гүл дүкені, “Арай” аяқкиім жөндеу шеберханасы, “ЭКСПРЕСС-АТЕЛЬЕ” киім жөндеу орны, “Центральный гастроном” дүкені, “ТЕРРИТОРИЯ КРАСОТЫ” және “Cassic” сұлулық салондарының қызметкерлері мен клиенттеріне АИТВ инфекциясының алдын алу туралы кең көлемде ақпарат берілді.

✅Мамандар ақпараттық бүктемелер таратып, тұрғындарға АИТВ инфекциясының таралу жолдары, сақтану шаралары және алдын алу маңыздылығы туралы жан-жақты түсіндірді.