Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Архитектура факультеті студенттеріне АИТВ туралы ақпараттық дәріс өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мобильді тобы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің Архитектура факультеті студенттеріне «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» атты ақпараттық дәріс өткізіп, өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты:
– жастарға АИТВ/ЖЖБИ туралы ғылыми негізделген дұрыс ақпарат беру;
– жұқпалы аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру;
– ақпараттық сауаттылықты арттыру;
– денсаулыққа жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамыту;
– салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.
Дәріс барысында мамандар АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары мен алдын алу тәсілдерін, қауіпсіз мінез-құлықтың маңызын, сондай-ақ қоғамдағы стигма мен кемсітушілікке қарсы күрес жолдарын жан-жақты түсіндіріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық материалдар таратылып, ниет білдірген студенттердің медициналық пунктте ИФТ әдісі арқылы өз еркімен қан тапсыра алатыны айтылды.