
Аса ауылындағы Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушыларына Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының психолог маманы М.Бегманова ақпараттық дәріс өткізді.
Кездесу барысында АИТВ инфекциясының қазіргі ахуалы, оның алдын алу жолдары, қауіпсіз мінез-құлық пен салауатты өмір салтының маңызы жан-жақты түсіндірілді. Дәріс соңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі кәсіби жауаптар алды.
Өткізілген дәріс мазмұнын бекіту мақсатында оқушылармен сұрақ-жауап форматындағы танымдық ойындар ұйымдастырылды. Ойын барысында АИТВ инфекциясының жұғу және жұқпайтын жолдары туралы қосымша түсіндірме беріліп, оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергені пысықталды. Оқушылар белсенділік танытып, мамандарға сұрақтар қойып, толық әрі түсінікті жауаптар алды.
Сонымен қатар, орталықтың мейірбикесі А.Кокибаева оқушыларға ақпараттық бүктемелер таратты.