Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

“Астана” көпсалалы колледжінің студенттеріне АИТВ/ЖИТС тің алдын алу бойынша семинар өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының психологы М.Бегманова мен эпидемиолог көмекшісі Б.Салменбаева “Астана” көпсалалы колледжінің студенттеріне АИТВ/ЖИТС тің алдын алу бойынша семинар өткізді.
Семинар барысында психолог М. Сабитқызы студенттерге АИТВ/ЖИТС туралы маңызды ақпараттармен бөлісіп, инфекцияның таралу жолдары, оның алдын алу шаралары мен салауатты өмір салтының маңызы туралы түсінік берді. Ал, эпидемиолог көмекшісі Б.Салменбаева өз кезегінде АИТВ статусын анықтау үшін өз еріктерімен ниет білдірген 20 студенттен экспресс-тест алды. Мұндай тестілеу студенттердің денсаулығына қамқорлық көрсетіп, өздерінің вирусқа қатысты жағдайларын білуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жастардың арасында дұрыс ақпараттың орнауы және денсаулықтарын қорғауға деген жауапкершілік сезімін арттырады.