Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

№ 35 ОМ семинар

2023 жылғы 24 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС күрес науқаны аясында № 35 орта мектепте жоғары сынып оқушылары арасында «АИТВ/ЖИТС жеке алдын-алу» тақырыбы бойынша семинар өткізілді.

 

№ 48 ОМ семинар

2023 жылғы 23 қарашада Т. Рысқұлов атындағы № 48 орта мектепте ЖИТС күрес жөніндегі Дүниежүзілік науқан аясында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері жоғары сынып оқушылары арасында «АИТВ-инфекциясының алдын алу»   тақырыбы бойынша семинар өткізді. 30 адам қамтылды.

 

№12 СП Ашық есік күні

2023 жылғы 23 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС қарсы күрес науқаны аясында 8-ҚЕ жанындағы №12 Сенім пунктінде ХНТ және қарапайым халық үшін Ашық есік күні өткізілді. Ерікті, құпия және анонимді негізде келгендер жедел тестілеу әдісімен АИТВ тексерілуге, сондай-ақ АИТВ-инфекциясы және жеке алдын алу тәсілдері туралы білуге мүмкіндік алды.

 

«Mart» сауда ойын-сауық орталығындағы кең ауқымды акция

2023 жылғы 23 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС күрес науқаны аясында «Mart» сауда-ойын-сауық орталығында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының алдын алу және қоғаммен байланыс бөлімінің қызметкерлері өткізген кең ауқымды акция өтті. Акция АИТВ/ЖИТС жеке алдын-алуына арналған, АИТВ барлық ниет білдірушілерді ерікті және анонимді негізде жедел әдіспен зерттеді.

 

№ 6 ОМ семинар

2023 жылғы 23 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС қарсы күрес науқаны аясында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері №6 орта мектептің жоғары сыныптары арасында АИТВ/ЖИТС алдын алу тақырыбында дәріс өткізді. 40 адам қамтылды (Екі сынып).

 

Әскери госпитальдағы дәріс

2023 жылғы 23 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС қарсы күрес науқаны аясында Жамбыл j, облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері ҚР ҚМ 73928 әскери госпиталінің қызметкерлері арасында АИТВ жеке алдын алуға арналған дәріс өткізді.

Қайқармет базарындағы дәріс

2023 жылғы 22 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС қарсы күрес науқаны аясында Жамбыл облыстық  ЖИТС орталығының қызметкерлері «Қайкармет» базарында АИТВ  жеке алдын-алу тақырыбында радиотүймеден дәріс өткізді, осылайша саудагерлер мен келушілерді қамтыды. Сондай-ақ буклеттер таратылып, жеке әңгімелер мен шағын сессиялар өткізілді.

 

ТИГУ өткен семинар

2023 жылғы 22 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС қарсы күрес науқаны аясында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері ТИГУ-де АИТВ/ЖИТС жеке алдын-алу тақырыбында буклеттер таратумен және 20 минут ішінде нәтиже беруге мүмкіндік беретін АИТВ ерікті, анонимді және құпия жедел-тестілеумен семинар өткізді.

 

Баспасөз конференциясы

22 қарашада ЖИТС еүресу күні Дүниежүзілік науқан аясында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығында жергілікті телеарналар мен газет журналистерін тарта отырып, баспасөз конференциясы өткізілді. Құрметті қонақтар ретінде профессор С.О.Ордабеков, жоғары санатты хирург және денсаулық сақтауды ұйымдастырушы, Нью-Йорк Ғылым академиясының және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі және үкіметтік емес сектордың өкілі Р.О. Перзадаев шақырылды. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері А. А. Исаев пен бас дәрігердің орынбасары О. Ж. Әбдікерімова АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша БАҚ сұхбат берді.

№ 41 мектеп -гимназиясындағы семинар

22 қарашада ЖИТС күресу күні  Дүниежүзілік науқан аясында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының  қызметкерлері №41 мектеп-гимназиясында  АИТВ/ЖИТС алдын алуға арналған интерактивті ойындармен семинар өткізді.