
Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психологы Г.Салпыкова Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының жоғары сынып білім алушыларына «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан -тиімді өзгерістерге» тақырыбында танымдық дәріс өткізді.
Кездесудің басты міндеттері:
– жас ұрпаққа АИТВ/ЖЖБИ туралы ақпарат ұсыну;
– жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша түсінік қалыптастыру;
– ақпаратты дұрыс қабылдау;
– денсаулықты сақтауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
– салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндіру.
Дәріс кезінде маман АИТВ-инфекциясының таралу жолдары, сақтану тәсілдері, қауіпсіз мінез-құлықтың рөлі, сондай-ақ қоғамдағы стигма мен кемсітушіліктің алдын алу мәселелеріне тоқталып, оқушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді.
Іс-шара соңында қатысушыларға тақырыпқа байланысты бейнематериал көрсетіліп, ақпараттық жадынамалар үлестірілді.