Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Байзақ ауданында кең ауқымды іс-шара өтті

«АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен Байзақ аудандық орталық ауруханасы мен ЖИТС орталығы бірлесіп жастарға арналған мазмұнды іс-шара ұйымдастырды. Шараға ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері И. Досымова қатысып, кездесудің мақсаты туралы кеңінен ақпарат берді.

Индира Мумархановна жастарға АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар жөнінде дұрыс әрі сенімді ақпараттың маңызын түсіндіріп, алдын алу мәдениетін қалыптастыру мен салауатты өмір салтын насихаттау бағытында құнды мәліметтер ұсынды.

Жастар іс-шараға белсенді қатысып, өз білімдері мен қызығушылықтарын көрсетті. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар дипломдар және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Шара соңында қатысушылар жедел тестілеуден өту мүмкіндігіне ие болып, ақпараттық материалдар таратылды.