
Байзақ ауданындағы Көктал орта мектебінде Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психологы Г. Шамурзаева орыс сыныбының оқушыларына «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» атты дәріс өтті.
Дәріс барысында оқушылар АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы маңызды мәліметтер алып, инфекциялардың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру, сондай-ақ қоғамдағы стигма мен кемсітушілікке қарсы дұрыс көзқарас жөнінде ақпарат алды.
Іс-шара аясында тақырыптық бейнеролик көрсетіліп, қатысушыларға ақпараттық парақшалар таратылды.