Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Білім беру саласындағы қызметкерлерге – АИТВ бойынша дәріс өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева және эпидемиолог М.Бегманова Жамбыл облыстық білім басқармасымен бірлесе отырып, Zoom платформасы арқылы кең көлемді онлайн-дәріс өткізді. Іс-шараға облыстың 215 білім беру мекемесінен 450-ге жуық педагог мамандар, оның ішінде тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, психологтар және медбикелер қатысты.

Кездесудің басты мақсаты –
🔹 АИТВ/ЖИТС, ЖЖБИ және өзге де жұқпалардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру;
🔹 Қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын нығайту;
🔹 Қоғамда денсаулыққа жауапкершілікпен қарау көзқарасын дамыту;
🔹 Жастар арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау;
🔹 Педагогтардың ақпараттану деңгейін арттыру арқылы алдын алу шараларын күшейту.

Онлайн дәріс барысында мамандар АИТВ туралы маңызды алдын алу жұмыстарымен бөлісті. Сондай-ақ білім беру мекемелерінде оқушылармен тиімді профилактикалық жұмыс жүргізу жолдары талқыланды.

Бұл бастама — өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға, жас буынның денсаулығын қорғауға және қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.