Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Бөлімдер

Басшылық

Кыдырбаев Баглан Джарлыкасынович
Бас дәрігер

Қабылдау күндері: Сейсенбі, бейсенбі 16:00-18:00

Жұмыс телефоны: 45-65-32

Калметова Гульжан Алдабергеновна

Бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемиологиялық мәселелері бойынша орынбасары  

Қабылдау күндері: сәрсенбі, жұма 16:00-18:00

Телефон: 50-14-98

Тайчибеков Темирлан Арыстанбекович

Бас дәрігердің медициналық бөлім, медициналық қызмет көрсету  сапасын бақылау және стратегиялық даму жөніндегі орынбасары

Қабылдау күндері: дүйсебі, сәрсенбі 16:00-18:00

 

АИТВ эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің қызметі мыналарға бағытталған:

* медициналық ұйымдар мен ведомстволардың медициналық қызметтеріне кеңес беру, практикалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету;

* медициналық, ведомстволық, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен АИТВ-инфекциясына эпидемиологиялық қадағалау және алдын-алу іс-шаралар жүргізуде, сондай-ақ дәрігерлерді, орта медицина қызметкерлерін, құқық қорғау органдарының жеке құрамын, арнайы контингентті (сотталғандарды), еріктілерді даярлауда өзара әрекет жасау; 

* халықтың АИТВ осал топтары үшін алдын-алу бағдарламалардың тиімділігін мониторингілеу және бағалау;

* АИТВ берілуін болдырмау бойынша медициналық ұйымдар жүргізетін іс-шаралардың тиімділігін бағалау;

* АИТВ-инфекциясының жағдайларына, аурушаңдығына және таралуына эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу, эпидемиологиялық жағдайды талдау және бағалау;

* күзет топтарында АИТВ-инфекциясының таралу деңгейін қадағалаудың екінші буынын ұйымдастыру және жүргізу, ШЭҚ  нәтижелерін талдау және бағалау, алдын-алу іс-шаралар кешенін әзірлеу:
* қолданыстағы ережелерге сәйкес АИТВ-инфекциясының бар-жоғына халықты медициналық тексеруді ұйымдастыру; медициналық ұйымдарда клиникалық көрсеткіштер бойынша АИТВ тексеру үшін тиісті контингентті іріктеудің толықтығы мен сапасын талдау;

* Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес есепті нысандарды дайындау;

Бөлім меңгерушісі – Досымова Индира Мумархановна

Телефон: 56-93-91

Диагностикалық зертхана

Бөлім меңгерушісі  Каримова Венера Мейрхановна

Телефон: 45-65-27

Зертхананың міндеттері

Тараз қаласының АИТВ орталығының диагностикалық зертханасының негізгі міндеті – ҚР СТ ИСО 15189-2023 стандартының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасында қолданыстағы АИТВ-инфекциясының бірыңғай сатылы диагностикасына сәйкес АИТВ-инфекциясының зертханалық диагностикасын және зертханалық процедуралардың сапасын қамтамасыз ету.

  • – АИТВ-инфекциясына скринингтік тесттер.
  • -Диспансерлік есепте тұрған АИТВ жұқтырған науқастарына гепатиттердің  В және Стүрлері, мерездің (сифилис) ИФА диагностикасы;
  • -Диспансерлік есепте тұрған АИТВ жұқтырған науқастарынаВ және С гепатиті, ЖЖЖИ(ИППП) ПТР диагностикасы;

– қауіпті мінез-құлықтағы  топтарды АИТВ-инфекциясының таралуына эпидемиологиялық мониторинг жүргізу кезінде АИТВ, С гепатиті және мерезге зертханалық зерттеулер жүргізеді;

  • -АРТ терапиясының тиімділігін бақылау үшін ПТР әдісін қолдану арқылы қандағы АИТВ 1 вирусын сандық анықтау;
  • -АИТВ жұқтырған адамдардың иммундық статусын бағалау үшін ағынды цитометрияны қолдану арқылы CD4, CD8, CD3 анықтау;
  • -Диспансерлік есепте тұрған АҚТҚ жұқтырған науқастарды жалпы клиникалық, гематологиялық, зерттеу;
  • -АИТВ-ға зертханалық зерттеулердің сапасын бақылау жүйесін ұйымдастыру, қан сарысуының оң үлгілерін мұрағаттау.
  • -Зерттеу сапасын ішкі зертханалық бақылау және зерттеулер сапасын сыртқы бағалауға қатысады (АИТВ, гепатит, мерез бойынша халықаралық EQAS бағдарламасы).

Емдеу-алдын алу көмек көрсету бөлімі:

* АИТВ жұқтырған және ЖИТС ауыратын науқастарды диспансерлеу және емдеу;

* АИТВ жұқтырған және ЖИТС ауыратын науқастарды антиретровирустық препараттармен қамтамасыз ету;

* жүктілік кезінде, босану кезінде және жаңа туған нәрестелерде АИТВ жұқтырған жүкті әйелдерге алдын-алу вирусқа қарсы ем ұсыну бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу;

* амбулаториялық жағдайда ересектер мен АИТВ-инфекциясы бар балаларда қайталама, оппортунистік (пневмоцисттік пневмония және токсоплазмоз) аурулардың химиопрофилактикасын және оппортунистік ауруларды (пневмоцисттік пневмония, герпетикалық инфекция, токсоплазмоз және кандидоз) емдеуді қамтамасыз ету;

* АИТВ-ға тестілеуге дейін және одан кейін психоәлеуметтік кеңес беру;

* контактіден кейінгі антиретровирустық алдын халықтың қол жеткізуін қамтамасыз ету;

* психоәлеуметтік кеңес беру және тестілеу қызметтерінің қолжетімділігін бағалау (оның ішінде жасырын);

* АИТВ жұқтырған және ЖИТС ауыратын адамдарға құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету;

* медициналық ұйымдарға және ведомстволардың медициналық қызметтеріне консультациялық, практикалық көмек көрсету;

* заңнамада белгіленген тәртіппен Достық кабинеттердің қызметін ұйымдастыру.

Бөлім меңгерушісі – Ниязалиева Фируза Аскаровна

Телефон: 50-14-96