Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

№8 қалалық емханасында АИТВ/ЖИТС инфекциясын алдын алуға арналған семинар өтті

🔰2025 жылдың 14 ақпанында №8 қалалық емханасында АИТВ/ЖИТС инфекциясын алдын алуға арналған семинар өтті. Бұл маңызды шараға медициналық қызметкерлер қатысып, АИТВ инфекциясының таралуы, оның алдын алу және анықтау әдістері туралы ақпараттар алды. Семинар «АИТВ/ЖИТС-тің Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдайы. АИТВ/ЖИТС бойынша нормативтік-құқықтық актілер. АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында өткізілді.
🔹Семинарды Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөліміннің эпидемиолог дәрігері И.Дегтерева және емдеу алдын алу көмек бөлімінің инфекционист дәрігері К.Сметова жүргізді. Олар АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары мен емдеу әдістері бойынша ақпараттар ұсынды және мамандардың инфекциямен күресу үшін қажетті білім мен дағдыларды меңгеру қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар, семинарда АИТВ инфекциясының кеш анықталуының алдын алу мәселелері талқыланды. Бұл шараның маңызды бөлігі ретінде АИТВ, сифилис және гепатит С-тің анадан балаға берілуінің алдын алу және АИТВ инфекциясын анықтау, алдын алу және емдеу мәселелері қозғалды.
✅Семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар АИТВ/ЖИТС инфекциясын алдын алу және емдеу бойынша мол ақпарат алып, білімдерін арттырды.

АИТВ/ЖИТС -тің алдын алу шаралары жалғасуда

🔰Ағымдағы жылдың 14 ақпанында «Доктора Абдуалиева медициналық орталығы» ЖШС базасында «АИТВ/ЖИТС-тің Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдайы. АИТВ/ЖИТС бойынша нормативтік-құқықтық актілер. АИТВ инфекциясына тестілеу ережелері. АИТВ/ЖИТС» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты – қатысушыларды АИТВ инфекциясының таралу деңгейі мен оған қарсы жүргізіліп жатқан шаралар, сондай-ақ АИТВ инфекциясын тестілеу ережелері мен алдын алу шаралар туралы ақпараттандыру болды.
🔹Аталған семинарды Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөліміннің эпидемиолог дәрігері Г.Ахметова және емдеу алдын алу көмек бөлімінің дәрігері Г.Байдаулетова жүргізді. Олар өздерінің тәжірибесі мен білімдерін бөлісіп, қатысушыларға АИТВ инфекциясының таралуына қарсы күрестің маңыздылығын түсіндірді.
🔹Семинарда АИТВ/ЖИТС -тің алдын алу шаралары мен АИТВ инфекциясын диагностикалау тақырыбы да кеңінен талқыланды. Инфекцияның таралуын болдырмау үшін қандай алдын алу шараларды қолдану керектігі, сондай-ақ, АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарға көрсетілетін медициналық көмек жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар, стигма мен дискриминация мәселесі де күн тәртібінде болды. Бұл тақырыптың өзектілігі қазіргі қоғамда АИТВ инфекциясы бар адамдарға деген теріс көзқарастар мен әлеуметтік қиындықтарды жеңу қажеттілігімен байланысты.
✅Семинардың соңында қатысушылар өздерінің сұрақтарын қойып, кәсіби мамандардан нақты жауаптар алды.

АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша семинар өтті

🔰Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева және психолог М.Бегманова Жамбыл облыстық полиция департаменті қызметкерлері үшін АИТВ инфекциясының алдын алуға арналған семинар өткізді. Семинардың мақсаты – АИТВ инфекциясының қауіптерін түсіндіру және оның алдын алу шаралары жөнінде білім беру болды.
🔹Семинар барысында облыстық ЖИТС орталығының мамандары АИТВ инфекциясының таралу жолдары, оның алдын алу тәсілдері мен инфекциядан қорғану шаралары туралы жан-жақты баяндама жасады. АИТВ инфекциясының берілу жолдары мен оны болдырмаудың маңызды әдістері егжей-тегжейлі түсіндірілді.
🔹Семинар соңында қатысушыларға АИТВ/ЖИТС туралы ақпараттық оқу материалдары таратты. Ал, эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің мейірбикесі А.Оркова өз еріктерімен ниет білдірген полиция қызметкерлерінен АИТВ инфекциясына жедел тест алды. Бұл іс-шара қызметкерлердің жеке денсаулығына қамқорлық көрсету және АИТВ инфекциясының таралуын бақылауда ұстау үшін маңызды болды.
✅Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы осындай семинарларды үнемі өткізіп, халық арасында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізіп келеді. Бұл шаралар қоғамда осы маңызды мәселе туралы түсінік қалыптастыруға және АИТВ инфекциясының таралуына қарсы күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Сөйлеу мәдениеті мен медициналық этика тақырыбында семинар өтті

🔹Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мәжіліс залында ЖИТС орталығының қызметкерлеріне арналған маңызды семинар өткізілді. Бұл іс-шараның басты мақсаты – қызметкерлерге сөйлеу мәдениеті, медициналық этика және деонтология тақырыптарында терең түсінік беру, кәсіби қарым-қатынас деңгейін арттыру және жұмыс барысында кездесетін этикалық мәселелерді дұрыс шешу әдістерін көрсету болды.
🔹Семинарды ЖО ЖИТС орталығы бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары Г.Калметова жүргізіп, қатысушыларға семинардың маңыздылығын түсіндірді. Гулжан Алдабергенқызы өз сөзінде дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің кәсіби мәдениеті мен моральдық жауапкершілігінің жоғары болуы қажет екендігін және бұл қасиеттердің науқастарға медициналық көмек көрсету сапасына тікелей әсер ететінін атап өтті. Сондай-ақ, дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің жұмыс барысында этикалық талаптарды сақтау олардың кәсіби имиджін қалыптастырып, науқастармен дұрыс қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретіндігін ескертті.​
🔹Семинар барысында медициналық көмек көрсету барысында науқастардың құқықтарын құрметтеу, олардың жеке өмірін қорғау, сондай-ақ науқастармен адамгершілік қатынас орнатудың мәні туралы айтып өтті. Сонымен қатар, қызметкерлерге науқастармен дұрыс сөйлесу, олардың мәселелеріне назар аудару, сұрақтарына түсінікті әрі нақты жауап беру дағдылары бойынша кеңестер берілді. Қарым-қатынас мәдениеті тек науқастармен ғана емес, әріптестермен де дұрыс әрі тиімді жұмыс істеу керектігі айтылды.
🔹Семинар соңында қатысушылар этикалық сұрақтарға қатысты өз тәжірибелерімен бөлісіп, алған білімдерін жұмыс барысында қалай пайдалану керектігі туралы пікір алмасып, тәжірибе алмасты.

Нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру мақсатында семинар өтті

Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мәжіліс залында нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру мақсатында семинар өткізілді. Бұл семинардың ашылу рәсімін Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары Г.Калметова жүргізіп, қатысушыларға семинардың маңыздылығын атап өтті. 🔹Семинарға ЖИТС орталығының қызметкерлері мен осы салада жұмыс істейтін мамандар қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – денсаулық сақтау саласындағы заңдар мен ережелерді толыққанды түсіндіру, сондай-ақ жұмыс барысында туындайтын сұрақтарға нақты жауаптар беру болды. 🔹Іс-шараға қатысушылардың маңызды ақпарат алуы үшін кәсіпорын заңгері М.Кадирбеков арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ол қызметкерлерге жұмыс барысында қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерді, анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау қағидалары бойынша түсінік берді. ✅Семинар барысында қатысушылардың сұрақтары мен пікірлері тыңдалып, заңгерге нақты сұрақтар қойылып, өзекті мәселелер талқыланды.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша семинар өтті

 

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының  АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева, психологы М.Бегманова, эпидемиолог көмекшісі Н.Абугалиева М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің студенттері үшін АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелеріне арналған семинар өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында АИТВ инфекциясының таралуын болдырмау, оларды дұрыс әрі нақты ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ зиянды әдеттер мен әлеуметтік қауіптерден сақтануға шақыру болды.Семинар барысында облыстық ЖИТС орталығының мамандары АИТВ инфекциясының қаупі мен оған қарсы профилактикалық шаралар туралы айтты. Сонымен қатар, студенттерге АИТВ инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу тәсілдері жөнінде жан-жақты түсінік берілді. Бұл білім олардың жеке денсаулығы мен қоғамдағы қауіпсіздігі үшін маңызды болып табылады.Семинардың тағы бір маңызды бөлігі — студенттердің өз еріктерімен жедел тест алу мүмкіндігі болды. Бұл студенттердің АИТВ инфекциясының алдын алуға бағытталған белсенді шараларды қолдайтындығын көрсетті.Іс-шараның соңында қатысушылар түрлі сұрақтар қойып, алған білімдері бойынша пікір алмасты.  Семинардың ұйымдастырылуы университетте жастар арасында АИТВ туралы ақпараттандыру мен алдын алу шараларының маңыздылығын арттыра түсетінін көрсетеді. Сонымен қатар, жастарды дұрыс өмір салтын ұстануға, өз денсаулығын қорғауға ынталандырады.

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы Тараз қаласында ақпараттық шара өткізді

 

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары Тараз қаласындағы «Ауыл береке» базарының кәсіпкерлері мен тұрғындарына АИТВ/ЖИТС туралы ақпараттық оқу материалдарын таратты. Бұл шараның мақсаты — тұрғындарды АИТВ вирусының таралуы, оны алдын алу шаралары және ЖИТС-тің алдын алу бағытында дұрыс және нақты ақпаратпен қамтамасыз ету.

Шара барысында мамандар жергілікті тұрғындарға АИТВ инфекциясының таралу жолдары мен оның алдын алу тәсілдері туралы түсінік берді. Сонымен қатар, ЖИТС орталығының мамандары тұрғындарды АИТВ тестілеуден өтуге шақырып, тестілеуді ерікті және құпия түрде өту мүмкіндіктерін ұсынды. Бұл адамдардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы мен инфекцияның таралуын төмендетуге септігін тигізеді.

Шара барысында мамандар АИТВ инфекциясының адам өміріне әсері туралы да кеңінен түсінік берді. Сонымен қатар, олар АИТВ вирусының алдын алу жолдары мен сақтану шараларын түсіндіріп, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

Мұндай шаралар Тараз қаласында АИТВ инфекциясының алдын алу және оның таралуын төмендету үшін аса маңызды болып табылады. ЖИТС орталығының ұйымдастырған ақпараттық іс-шаралары қала тұрғындарының АИТВ туралы білімдерін арттыруға, дұрыс әрі сауатты ақпарат алуға ықпал етеді. Осылайша, АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар тұрғындардың денсаулығын сақтауға үлкен үлес қосып келеді.

ЖО ЖИТС орталығының клинико – диагностикалық зертханасы

Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының «Клинико – диагностикалық зертханасы» облысымыздың барлық аудандарындағы медициналық мекемелерінен  АИТВ  инфекциясын анықтауға қан сынамаларын қабылдайды.

Соңғы үлгідегі  заманауи озық технологиямен жабдықталған күнделікті  АИТВ инфекциясын анықтайтын анализдер (скрингтер) ИФА, ИХЛА әдістерімен күніне 1000-ға жуық  зерттеулер  жасалынады.

Сонымен қатар, АИТВ -мен тіркелген, диспансерлік тізімде тұрған науқстарға  вирусты гепатиттің Б және С, жыныстық жолмен жұғатын инфекцияларының 6 түріне генетикалық зерттеулер жүргізіледі. Бұдан басқа биохимиялық, гематологиялық және  жалпы клиникалық зертеулер қосыша жүргізіледі.

Тараз қаласындағы “Almaz Medical Group” ЖШС қалалық емханасында АИТВ/ЖИТС тақырыбында семинар өтті

Семинардың басты мақсаты — қатысушыларды ҚР  АИТВ-инфекциясының таралу деңгейі, АИТВ/ЖИТС бойынша нормативтік құқықтық база, инфекциялардың алдын алу шаралары мен тиісті контингенттерді АИТВ/ЖИТС-ке тексеру мәселелерімен таныстыру болды.

Семинарды Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының сарапшы дәрігері  Т.Тайчибеков, АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің    дәрігері-эпидемиологы Қ.Аушенова және инфекционист дәрігері Г.Байдаулетова жүргізді. Шара барысында қатысушыларға Жамбыл облысы мен ҚР бойынша АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС-тің эпидемиологиялық жағдайы туралы презентациялар мен ақпараттар ұсынылды.

Сонымен қатар, АИТВ/ЖИТС бойынша тиісті контингенттерді тексеру және инфекциялардың алдын алу бағытында жұмыс істейтін негізгі үкіметтік емес ұйымдар таныстырылды. Семинар жұмысына 49 медицина қызметкерлері белсене қатысты.

№7 мектеп-гимназиясында АИТВ туралы тәрбиелік дәріс өткізілді

 

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының психологы Г.Шамурзаева Тараз қаласының білім бөлімінің №7 мектеп-гимназиясының оқушыларына АИТВ инфекциясының алдын алу туралы маңызды дәріс берді.

Дәрістің негізгі мақсаты – жоғары сынып оқушыларына АИТВ мәселесі жөнінде толыққанды ақпарат беру, олардың білім деңгейін арттыру және АИТВ инфекциясының таралуына қарсы дұрыс түсінік қалыптастыру. Іс-шара барысында оқушыларға АИТВ инфекциясынан қорғану жолдары, оның берілу жолдары мен алдын алу шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар, «Стигма мен кемсітушілік» тақырыбына да назар аударылды, себебі бұл мәселелер АИТВ жұқтырған адамдарға қатысты жағымсыз көзқарастардың қалыптасуына себеп болады.

Іс-шараның тағы бір маңызды бөлімі – оқушыларға ақпараттық бүктемелер таратылып, АИТВ-ның алдын алу, оның берілу жолдары және дұрыс өмір сүру тәсілдері жайлы кеңестер ұсынылды. Дәріс оқушылардың санасына АИТВ-ға қатысты дұрыс көзқарас қалыптастыруға бағытталды.

Бұл іс-шара жастар арасында денсаулық сақтау мәселелеріне деген жауапкершілікті арттыру және АИТВ инфекциясының алдын алу бағытында маңызды қадам болып табылады.