Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражатын бөлу» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті

2025 жылдың 7 ақпанында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында «Халықтың негізгі топтары мен АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдарды алдын-алу бағдарламаларымен қамту мақсатында МӘТ қаражатын бөлу» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Дөңгелек үстелге «Тараз – Анти ВИЧ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының жобаларының үйлестірушісі Р.Перзадаев «Узбекский-центр» қоғамдық бірлестігінен А.Зайнутдинов, «КЗГП» қоғамдық бірлестігінен И.Федорова, «Volontergroup08» төағасы Р.Ташметов, аутрич жұмысшы К.Осеров, «Тараз Анти-ВИЧ» қоғамдық бірлестігінің жұмысшысы Г.Геронтиди және ЖО ЖИТС орталығының жауапты қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстелді Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері Бағлан Кыдырбаев ашып, қатысушыларға іс-шараның маңыздылығын түсіндіріп, халықтың осал топтарын және АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарды алдын-алу бағдарламаларымен қамту үшін қажетті МӘТ қаражатын бөлу мәселелерін талқылау қажеттігін атап өтті. Бағлан Джарлықасынұлы «2024 жылғы Жамбыл облысындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы» туралы толық мәлімет беріп, соңғы жылдардағы статистикалық көрсеткіштер мен инфекцияның таралу динамикасы туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, АИТВ инфекциясының алдын алу және осы мәселеге байланысты қоғамдық жауапкершілікті арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы да айтып өтті.

Келесі кезекте «Тараз – Анти ВИЧ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының жобаларының үйлестірушісі Рамиль Перзадаев «Туберкулезге қарсы күрес» бағдарламасы аясында Жамбыл облысының ҮЕҰ үшін «ТБ және ККТДТ туберкулезбен ауыратын және АИТВ-инфекциясымен ауыратын науқастардың алдын алу, анықтау және емдеуді ұстанудың инновациялық тәсілдері» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру тәжірибесі туралы баяндама жасады. Ол туберкулез және АИТВ инфекциясы арасындағы өзара байланыс, осы екі дертпен күресудің жаңа тәсілдері және ҮЕҰ қатысуының маңыздылығы жөнінде егжей-тегжейлі айтып өтті.

Дөңгелек үстел барысында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары Гүлжан Калметова «Туберкулезге қарсы күрес» бағдарламасы бойынша Жамбыл облысының ҮЕҰ арналған «Тәуекел тобынан шыққан АИТВ-инфекциясы бар науқастардың алдын алу, анықтау және емдеудің инновациялық тәсілдері» тақырыбында баяндамасын ұсынды.  Оның баяндамасында АИТВ мен туберкулездің таралуына қарсы күресудің тиімді әдістері мен бағдарламаларды жүзеге асырудың маңызды аспектілері қарастырылды.

Қатысушылар баяндамашылардың сөздерінен кейін сұрақтар қойып, пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын талқылады. Іс-шараның соңында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері Бағлан Кыдырбаев дөңгелек үстелдің қорытындысын жасап, АИТВ және туберкулез инфекциясының алдын алу бойынша жұмысты күшейту қажеттігін айтты. Ол мемлекет пен қоғам бірлесіп атқарған жұмыстың ғана тиімді болатындығын және облыс бойынша алдын-алу шараларын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Бұл дөңгелек үстел отырысы Жамбыл облысындағы АИТВ және туберкулез инфекциясына қарсы күрес бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіруге ықпал ететін маңызды бастама болды.

 

Қан орталығының медициналық қызметкерлері үшін семинар өтті

🔰Ағымдағы жылдың 5 ақпанында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары Жамбыл облысындағы медициналық ұйымдарға АИТВ/ЖИТС профилактикасы бойынша өткізілген іс-шараларды бақылау және бағалау, сондай-ақ консультативті-әдістемелік көмек көрсету мақсатында жоспарлы мониторингтік сапар жасады. Бұл сапардың негізгі мақсаты – өңірдегі медициналық ұйымдардың АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша жүргізген жұмыстарын тексеру, тиімділігін бағалау және қажет болған жағдайда көмек көрсету.
🔹Сапар аясында ЖО ЖИТС орталығынң эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісінің м.а. Индира Досымова, эпидемиолог дәрігер В.Когай Қан орталығының медициналық қызметкерлері үшін семинар өткізді. Семинарда 2024 жылғы Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ эпидемиологиялық жағдайы 2023 жылмен салыстырылып талқыланды. Бұл ақпарат қатысушыларға АИТВ инфекциясының таралу динамикасын түсінуге көмектесті.
🔹Сондай-ақ, семинарда АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелері де талқыланды. Мұндай мәселелер қоғамда дұрыс түсінік қалыптастыру және АИТВ жұқтырған адамдарға деген қарым-қатынасты жақсарту үшін өте маңызды. Семинарға барлығы 42 медициналық қызметкер қатысып, өз білімдерін жетілдіріп, АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша маңызды ақпарат алды.
✅Бұл іс-шара Жамбыл облысындағы медициналық қызметкерлердіңАИТВ/ЖИТС инфекциясының алдын алу және оған қатысты дұрыс көзқарас қалыптастырудағы біліктілігін арттыруға ықпал етті.

Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінде семинар өтті

🔹Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының психологы М.Бегманова «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжінің студенттеріне АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша семинар өткізді.
🔹Іс-шараның басты мақсаты — жастар арасында АИТВ инфекциясының таралуын болдырмау, дұрыс әрі нақты ақпарат беру, сондай-ақ зиянды әдеттер мен әлеуметтік қауіптерден сақтануға шақыру.
🔹Семинар барысында Мереке Сабитқызы АИТВ инфекциясының жолдары, алдын алу әдістері, сондай-ақ инфекцияның таралуына ықпал ететін факторлар туралы толық ақпарат ұсынылды. Студенттерге АИТВ-мен өмір сүріп жатқан адамдарға қатысты дұрыс қарым-қатынас, стигма мен кемсітушіліктің алдын алу, оларды қолдау және қоғамдастықтың бұл мәселеге жауапкершілікпен қарауы қажеттігі туралы да түсінік берілді. Сондай-ақ, жастарды өз денсаулығын сақтауға, қауіпсіз және жауапкершілікті өмір салтын ұстануға шақырды.
✅Іс-шараның қорытындысы бойынша студенттер өз сауалдарын қойып, ақпаратпен толық танысты. Мұндай дәрістер жастар арасында АИТВ инфекциясына қатысты дұрыс көзқарас қалыптастыруға және оның алдын алу бойынша белсенді әрекеттерді іске асыруға ықпал етуде маңызды рөл атқарады.

№18 орта мектептің жоғары сынып оқушыларына АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша кездесу өткізді

🔰Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының психологы Г. Шамурзаева Тараз қаласындағы №18 орта мектептің жоғары сынып оқушыларымен АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша кездесу өткізді.
🔹Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға АИТВ инфекциясы жайлы тереңірек ақпарат беру, олардың білімін арттыру. Дәріс барысында АИТВ инфекциясынан қорғану тәсілдері, инфекцияның берілу жолдары, сондай-ақ, «Стигма мен кемсітушілік» тақырыптары жан-жақты түсіндірілді.

АИТВ/ЖИТС туралы ақпараттық оқу материалдары таратылды

🔰Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары Тараз қаласының тұрғындарына АИТВ/ЖИТС туралы ақпараттық оқу материалдарын таратты.
🔹Бұл шараның мақсаты — тұрғындарды АИТВ вирусының таралуы, оны алдын алу шаралары және ЖИТС-тің алдын алу бағытында дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету. Мамандар жергілікті тұрғындарға ЖИТС туралы түсінік беріп, инфекцияның таралу жолдары мен оның қорғаныс шараларын түсіндірді. Сонымен қатар, орталық мамандары тұрғындарды АИТВ тестілеуден өтуге шақырып, ерікті және құпия түрде тексерілу мүмкіндіктерін ұсынды.
✅Мұндай шаралар қалада АИТВ инфекциясының алдын алу және оның таралуын төмендету үшін маңызды болып табылады.

🔰Тараз политехникалық колледжінде АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында дәріс өткізілді

 

🔹Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының психологы М.Бегманова Тараз политехникалық колледжінің студенттеріне АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық дәріс өткізді. Іс-шараның басты мақсаты — жастар арасында АИТВ инфекциясының таралуын болдырмау, дұрыс әрі нақты ақпарат беру, сондай-ақ зиянды әдеттер мен әлеуметтік қауіптерден сақтануға шақыру.
🔹Дәріс барысында Мереке Сабитқызы студенттерге АИТВ жұқпасының негізгі таралу жолдары, оның алғашқы белгілері, инфекцияның алдын алу тәсілдері туралы кеңінен түсіндірді. Ол АИТВ инфекциясымен байланысты қауіпті мінез-құлықты анықтап, бұл індеттің алдын алу үшін өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
🔹Студенттер дәріс барысында өздерінің сұрақтарын қойып, инфекцияның алдын алу және қауіпсіз өмір салты жөнінде толық ақпарат алды.
Іс-шараның қорытындысында студенттер арасында АИТВ инфекциясы туралы білім деңгейі артты. Оларға өз денсаулығын қорғауға, сауықтыру шараларын ұстануға және қоғамдағы жауапкершілікті сезінуге ынталандыру мақсатында көптеген маңызды кеңестер берілді. Бұл дәріс жастарға тек АИТВ инфекциясынан сақтануды ғана емес, жалпы өмірде сау әрі қауіпсіз өмір салтын ұстануды үйретті.

№11 орта мектепте АИТВ туралы тәрбиелік дәріс өтті

 

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының психологы Г.Шамурзаева  Тараз қаласының білім бөлімінің №11  орта мектеп  оқушыларына АИТВ инфекциясының алдын алу туралы дәріс өткізді.

Дәріс өткізудің мақсаты – жоғары сынып оқушыларының АИТВ мәселесі бойынша ақпараттандыру және білім деңгейін арттыру. Іс-шара барысында АИТВ –  инфекциясынан  қорғану шаралары мен берілу жолдары, «Стигма мен кемсітушілік» толық ақпарат берді.

АИТВ инфекциясының алдын алу туралы дәріс өткізді

Тараз қаласындағы С. Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебінде облыстық ЖИТС орталығының психологы Г. Шамурзаева оқушылармен АИТВ инфекциясының алдын алу туралы дәріс өткізді.

Дәріс барысында Г. Шамурзаева АИТВ/ЖИТС туралы негізгі ақпараттар беріп, инфекцияның таралу жолдарын жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, оқушыларға  «Стигма мен кемсітушілік» туралы толық ақпарат беріліп, кез-келген адамға құрметпен қараудың қажеттілігі атап өтілді. Дәріс кезінде АИТВ тақырыбына қатысты бейнемазмұн көрсетіліп, оқушылардың сауаттылығы артты.

Жамбыл облыстық ЖИТС  орталығында  барлық қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі

Орталықта АИТВ  инфекциясын диагностикалаудың бірнеше түрі бар. Олар жедел-тестілеу және иммуноферменттік талдау әдісімен жүзеге асырылады. Жедел тестілеу әдісі халықтың негізгі топтары үшін, яғни қауіпті мінез-құлқы бар адамдар үшін. Жалпы халық үшін иммуноферментті тестілеу әдісі қолданылады.

АИТВ-инфекциясы анықталған кезде пациент диспансерлік есепке алынып,  вирустық жүктемеге, иммундық статусқа, клиникалық, В және С вирустық гепатиттеріне  және жыныстық жолмен берілетін ауруларына тексеруден өтеді. Динамикалық бақылауға алынған науқастар антиретровирустық препараттармен емделеді. Барлық медициналық қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған барлық дәрілік препараттар тексеруден өткен  жоғары сапалы. Антиретровирустық емдеудің арқасында науқастардың өмір сүру сапасы жақсарып,  өмірі ұзарады. Мысалы,  біздің Жамбыл облысында ең ұзақ есепте тұрған, 2001 жылы анықталған науқастар,  алған емнің арқасында толыққанды өмір сүріп жатыр. Ал, АИТВ жұқтырған адамның орташа өмір сүру ұзақтығы ем қабылдамаған жағдайда 5-7 жылды құрайды.

Сонымен қатар, орталықта АИТВ жұқтырған анадан балаға инфекция қоздырғышының берілуінің алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Жүктілік кезінде АИТВ-инфекциясы бар әйелдер антиретровирустық препараттарды қабылдайды және дәрігердің барлық ұсыныстарын орындаған жағдайда сау бала дүниеге келеді. Соңғы жылдары антиретровирустық терапияның арқасында анадан балаға АИТВ-инфекциясының берілу жағдайлары анықталмаған.

АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша дәріс өтті

🔰 Тараз қаласының №20 орта мектебінде облыстық ЖИТС орталығының психологы Г. Шамурзаева АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша оқушыларға дәріс оқыды. Бұл шара мектеп жасындағы балаларды АИТВ/ЖИТС туралы ақпараттандыру және олардың денсаулығын сақтау мақсатында ұйымдастырылды.
🔹Дәріс барысында Г. Шамурзаева оқушыларға АИТВ (адам иммун тапшылығы вирусы) мен ЖИТС (жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы) туралы түсінік беріп, инфекцияның қалай таралатыны және оның алдын алу жолдары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
🔹Дәрістің тағы бір маңызды бөлігі – АИТВ жұқтырған адамдарға деген дискриминацияның алдын алу болды. Психолог АИТВ инфекциясына шалдыққан адамдардың қоғамда ешқандай кемсітушілікке ұшырамай, дұрыс әлеуметтік қолдау көрсетуге болатындығын түсіндірді. Оқушыларға АИТВ туралы дұрыс ақпарат беру және кез келген адамға құрметпен қарау маңызды екендігі айтылды.
Дәріс барысында АИТВ тақырыбына қатысты бейнемазмұн көрсетілді.