Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Медицина күні қарсаңында құрмет грамоталарын тапсыру

2023 жылғы 14 маусымда «AQNIET» Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ ЖОФ Жамбыл Облыстық ЖИТС орталығының емдеу бөлімінің психологы Ли любовь Геннадьевнаға, сондай-ақ ЖИТС қызметінің ардагері Спивачевская Любовь Николаевнаға құрмет грамоталарын табыс етті, ол өз уақытында Орталық кәсіподағының төрайымы және емдеу бөлімінің меңгерушісі лауазымында көп жыл қызмет атқарды. Іс-шара алдағы медицина күніне орайластырылған.

 

4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

Хабарлама

ӘМСҚ 2023 жылдың 1 маусымынан бастап медициналық сақтандыру мәселелері бойынша барлық консультацияларды бірыңғай байланыс орталығы 1414 беретінін хабарлайды.

Айта кету керек, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram боты және қордың сайты да бұрынғыдай өтінімдерді қабылдайды.

Денсаулық сақтау обьектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары эпидемиолог дәрігер Г.А.Калметова, бас медбике Л.О.Сатмаханова және медбике Ц.Н.Цыденова «Денсаулық сақтау обьектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» бойынша семинар өткізілді.

«АИТВ өмір сүретін адамдардың Қазақстандық одағы» мен ЗТБ кездесті.

«АИТВ өмір сүретін адамдардың Қазақстандық одағы» ЗТБ 2020 жылдан бастап «OneImpact (СLМ) қауымдастықтарының басшылығымен мониторинг» жобасын іске асыруда. «Туберкулезді тоқтату» серіктестігі DURE Techologies компаниясымен бірлесе отырып, пациенттерге күтім жасауды, мониторингті, бақылауды, қорғауды және бағдарламаларды басқаруды жақсарту үшін қызықты жаңа мүмкіндіктер тудыратын технология жетістіктерін ескере отырып, қауымдастық деңгейіндегі мониторинг жүйесін әзірледі.     «ONE IMPAST.KZ» цифрлық мобильді қосымшасы арқылы қауымдастықтар туберкулезге қарсы қызметтердің болуы, қолжетімділігі және сапасы, сондай-ақ осы қызметтерді көрсетуге кедергі келтіретін жағдайлар мен кедергілер туралы ақпаратты жинап, түсіндіре алады. Жобаны жүзеге асыру барысында қосымшаны қолданушылардың смартфондарына өздігінен жүктеп алуға қолжетімді болады. Мобильді қосымшаның іске қосылуы пайдаланушыларға АИТВ/ТБ зардап шеккен адамдар қауымдастығына қосылуға, ауру мен емдеу туралы ақпарат алуға, қажеттіліктер мен алаңдаушылықтар туралы хабарлау үшін кері байланыс нысандарын толтыруға және жіберуге, сондай-ақ АИТВ/ТБ қамтамасыз ететін медициналық мекемелерді іздеуге мүмкіндік береді.

 

ҚР Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай.

26.05.2023 жылы Жамбыл Облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері №8 қалалық емханада «Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай. АИТВ / ЖИТС бойынша НҚА. АИТВ-инфекциясына халықтың скринингі. АИТВ/ЖИТС алдын алу».

ЖИТС қайтыс болғандарды еске алу күніне арналған алдын-алу шаралары

ЖИТС қайтыс болғандарды еске алу күніне арналған алдын-алу шаралар қаламыздың сауда орталықтарында жалғасын тапты. Орталық мамандары қала тұрғындарына АИТВ инфекциясының алдын-алу және одан сақтану шаралары жайлы мағлұматтар беріп, келіп тегін медициналық көмек алуға шақырды.

№4 Тараз қалалық емханасында Ашық есік күні өтті

Бүгін №4 Тараз қалалық емханасында Облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологтары және психолог ммаманының қатысуымен , халыққа ашық есік күнін ұйымдастырып, Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне арналған «Өз АИТВ -мәртебеңді біл» тақырыбында емханаға келген емделушілермен және медицина қызметкерлеріне арналған семинар сабағын өткізді.
Науқанға 40-тен аса адам қатысты, АИТВ-инфекциясына мәселелері бойынша психоәлеуметтік кеңес алды, ақпараттық-ағарту материалдары таратылды. Сондай-ақ, АИТВ-инфекциясына жедел тестілеу жүргізілді.