Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Оқушыларға арналған дәріс

Бүкілдүниежүзілк ЖИТС-пен күрес күні аясында Жамбыл облыстық  ЖИТС орталығының психолог маманы Бегманова Мереке  №48 орта  мектеп оқушыларына  дәріс оқыды.

Іс-шараның мақсаты –жастарға  АИТВ-инфекциясы, вирустың таралу жолдары, сақтану жолдары, туралы  білім беру. Спикер  АИТВ-ның алдын алудың  ең жақсы түрі-жыныстар арасындағы  қарым-қатынаста  тазалық, серіктеске адалдық, мүшеқапты пайдалану  екенін еске салды.

Бүкілдүниежүзілк ЖИТС-пен күрес күні аясында  №45 мектеп гимназиясында семинар болып өтті

Бүкілдүниежүзілк ЖИТС-пен күрес күні аясында  №45 мектеп гимназиясында «АИТВ-ғасыр дерті» тақырыбында  семинар болып өтті.

Орталықтың психолог маманы Бегманова  Мереке  жүргізген іс –шарада мектеп директордың тәрбие ісі  жөніндегі орынбасарының   қатысуымен  АИТВ-ның алдын алу және  одан сақтану  шаралары жайлы  толыққанды ақпараттар берілді.

Сонымен қатар қазіргі  қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай жайлы, АИТВ-ның  алдын алу  жолдары  туралы, Стигма, дискриминация  жайлы  түсіндірілген  семинарда  8-9 сынып оқушылары  мен ата-аналарға  ақпараттық танымдық парақшалар таратылып, сұрақтарға  толыққанды  жауап берілді.

 

 

«АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында семинар болып өтті

Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күрес күні аясында 24 қараша күні қалалық №60 орта метебінде «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында семинар болып өтті.
Іс-шара барысында АИТВ-ның алдын алу және одан сақтану шаралары жайлы толыққанды ақпараттар берілді.
Жиналған оқушылар мен мұғалімдерге ақпараттық танымдық парақшалар таратылып, сұрақтарға толық жауаб берілді.
Дәрісті орталықтың психолог маманы Сүңгібаев Бауыржан жүргізді.

Семинар – тренинг

2022 жылғы 24 қарашада ЖИТС қарсы күрес күні Дүниежүзілік науқанының онкүндігі аясында Тараз қаласының № 31 орта мектебінде 9-11 сынып оқушыларын (200 адам) тарта отырып, акция өткізілді. Жамбыл ЖИТС орталығының психологы Г.Ж. Салтыкова АИТВ-инфекциясының жеке алдын алуға арналған дәріс өткізді. Оқушылар талданатын мәселелерге белсенділік және қызығушылық танытты.

Суреттер байқауы өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының және «Зертас» үкіметтік емес ұйымының мамандары УЖД/4, УЖД/7, УЖД/2 мекемесінің қызметкерлерінің арасында «Бүкілдүниежүзілік ЖИТС пен күрес күні» тақырыбына арналған суреттер байқауын ұйымдастырды. Байқаудың қорытындысы бойынша 1-орынды УЖД/4, 2-орынды УЖД/7, 3-орынды УЖД/2 қызметкерлері иеленді. Сонымен қатар УЖД/7 мекемесінің қызметкері Асанов Бекжанды конкурсқа белсенділік танытқаны үшін арнайы сыйлықтармен және мақтау қағазымен марапаттады.

 

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының маманы семинар жүргізді

2022 жылдың  21-ші қараша күні Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының маманы Каримова  В.М. зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ олар жүргізетін зерттеулердің көлемі мен түрлерін бекіту туралы түсіндірді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 758 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 қазанда № 12207 болып тіркелді.

 

 

 

Семинар өтті

2022 жылдың 18-шы қараша күні Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының маманы Байаулетова Г.Т. әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 қыркүйекте № 21263 болып тіркелді.

Тараздың сауда үйлерінде тұрғындарға арналған акция өтті

Тараздың сауда үйлерінде тұрғындарға арналған акция өтті.
1-желтоқсан бүкілДүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне орай ЖИТС орталығының мамандары Тараз қаласының сауда үйлерінде акция өткізді. Орталықтың қызметкерлері АИТВ-жұқпасы және стигма, кемсітушілік туралы анонимді сауалнама жүргізіп, брошюралар таратты.

ЖИТС пен күрес күніне арналған Дүниежүзілік науқанның онкүндігі аясында №59 орта мектепте акция өткізілді

ЖИТС қарсы күрес күні Дүниежүзілік науқанының онкүндігі аясында Тараз қаласының №59 орта мектебінде (Шөлдала ст.) 9-11 сынып оқушыларын (130 адам) тарта отырып акция өткізілді. Жамбыл ЖИТС орталығының қызметкері АИТВ-инфекциясының жеке профилактикасына арналған дәріс өткізді, облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімет берді. Ойын түрінде пікірталас өткізіп, қысқаша ауызша тестілеу түріндегі кері байланыс белгіленді. Оқушылар талданатын мәселелерге белсенді қатысып, қызығушылық танытты.

Отан қорғаушы сарбаздарға АИТВ туралы дәріс оқылды

Отан қорғаушы сарбаздарға АИТВ туралы дәріс оқылды.
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай ЖИТС орталығының алдын алу және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Ысқақ М.М. 85/395 әскери бөлімінің сарбаздары үшін АИТВ- инфекциясының алдын алу тақырыбында дәріс оқыды.Қатысушыларға алдын алу шаралары,жұқтыру жолдары,АИТВ-ға қарсы терапия және облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтылды.