Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Сарысу аудандық ауруханасының медицина қызметкерлеріне консультативтік- әдістемелік көмек туралы семинар өтті

2022 жылы  8 қарашаcында  Сарысу аудандық  медициналық  ұйымдардағы  АИТВ-инфекциясының алдын алу  тақырыбында  семинар өтті. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының  дәрігер эпидемиологы Калметова Г.А. ұйым қызметкерлерін  АИТВ -инфекциясы бойынша  нормативтік-құқықтық актілері  кесіндісінде бекітілген  халықты тестілеудің  өзектілігі  туралы  ақпарат берді. Жүкті әйелдердің  жыныстық  серіктестерін  АИТВ-ға  тексеруге, клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері  бойынша  тестілеу  мәселелеріне басты  назар аударды. Кітапшалар мен буклеттер таратылды. Шараға 30-дан астам адам қатысты.

 

ЖИТС орталығының мамандары семинар жүргізді

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиология және алдын алу бөлімінің мамандары Калметова Г. А., Тұрғынбаева А.Д., Шу аудандық орталық ауруханасы және қалалық емханасы медициналық қызметкерлері арасында АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша семинар өткізді. Сонымен қатар семинарда ҚР және Жамбыл облысы бойынша АИТВ-инфекциясының эпидемиялық ахуалы, апаттық жағдайлардың алдын алу АИТВ-инфекциясының мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық құжаттармен және де клиникалық сондай-ақ, эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша контингенттерді АИТВ-инфекциясына зерттеп қарау бойынша, соның ішінде балалар мен жасөспірімдерді уақытылы тексеру жөнінде айтылды.

 

Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы семинар өтті

  2022  жылдың үшінші қарашасында  Жамбыл  облыстық ЖИТС орталығының зертхана бөлімінің маманы  Қосбакова Г.Д. сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы семинар өткізді. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі N 61-IV Заңы. Осы Заң сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ олармен байланысты қатынастарды реттейді.

 

Техникалық реттеу туралы  түсіндіру жұмыстарын жүргізді

2022  жылдың бірінші қарашасында  Жамбыл  облыстық ЖИТС орталығының зертхана бөлімінің маманы Абиева З.Б. Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 396-VI ҚРЗ  және техникалық реттеу туралы  түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Осы Заң техникалық реттеудің өнімдерге, олармен байланысты процестерге, қызметтер көрсетуге қойылатын талаптарды белгілеу, орындау кезінде туындайтын негізге алынатын қағидаттарын белгілейді, сондай-ақ мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін айқындайды.

 

 

 

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері дәріс оқыды

2022 жылдың қазан айының 28-і күні Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Когай В.Г. орталықтың медицина қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сондай—ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № ҚР ДСМ-6 бұйрығы және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 қаңтарда № 26685 болып тіркелді.

 

Алдын алу және қоғаммен байланыс бөлімінің мамандары семинар-тренинг өткізді

28 қазанда алдын алу және қоғаммен байланыс бөлімінің мамандары Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Жастар арасында АИТВ — инфекциясының жеке профилактикасы» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. 15 адам қамтылды.

 

Семинар болып өтті

2022 жылдың 26-шы қазан күні Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиология бөлімінің дәрігері Сара Дулатбаева Шадиарбекқызы орталықтың медицина қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ кодексі оның ішінде халық  денсаулығы  және  денсаулық  сақтау  жүйесі  туралы  түсіндірме  жұмыстарын   жүргізді.

 

 

 

ЖИТС орталығының қызметкерлеріне семинар өтті

    2022  жылдың  қазан айының 22-сі  күні  Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының емдеу бөлімінің эпидемиолог дәрігері Гүлшат Ахметова Төлегенқызы орталықтың медицина қызметкерлеріне АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қаралу және консультация алу қағидаларын бекіту туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы №ҚР ДСМ-204/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 қарашада № 21682 болып тіркелді.

 

Жуалы ауданына іс-сапар

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының мамандарының ұйымдастыруымен Жуалы аудандық орталық ауруханасы және перзентхана бөлімінде, орталық ауруханасына қарасты емханасындағы медицина қызметкерлеріне АИТВ инфекциясын алдын алу және одан сақтану мақсатында семинар жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жадынамалық түсіндірме парақшалар таратылды.
Орталықтың эпидемиолог дәрігерлері Гүлшат Ахметова, Сәуле Тоқбураева, Мейіржан  Ысқақ, Айгүл Сағадиева баяндама жасады.

 

 

 

 

 

Zoom-форматында семинар өтті

Бүгін 2022 жылдың қазан айының 19-шы жұлдызы күні Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының медицина қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 27-ші қарашадағы № ҚР ДСМ-211\2020 “АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы” бұйрығына сәйкес эпидемиологиялық және клиникалық көрсеткіштері бойынша медицина ұйымдарында жұмысты жандандыру және халықтан АИТВ – инфекциясына қан алу алгоритмі” тақырыбында Zoom қосымшасы арқылы семинар өтті.