Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

№-7-ші қалалық емханасында медицина қызметкерлерімен семинар өтті

2022 жылдың қазан айының 12-ші жұлдызында №7-ші қалалық емханасының медицина қызметкерлері арасында ҚР және Жамбыл облысы бойынша АИТВ-инфекциясының эпидемиялық ахуалы және АИТВ -инфекциясы мәселелері бойынша ЖИТС орталығының мамандары Ысқақ Мейіржан, Ахметова Гүлшат семинар өткізді.
Семинарда АИТВ -инфекциясының эпидемиялық ахуалы, апаттық жағдайлардың алдын алу және олардың тактикасы, АИТВ -инфекциясының мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық құжаттармен және де клиникалық сонымен қатар эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша контингенттерді АИТВ-инфекциясына зерттеп қарау бойынша, соның ішінде балалар мен жасөспірімдерді уақытылы тексеру жөнінде айтылды. Жиынға 30-ға жуық медицина қызметкерлері қатысты.

 

 

Қордай ауданындық медицина қызметкерлерімен семинар өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің  алдын алу  және  онымен  күресу  орталығының мамандарының  ұйымдастыруымен  Қордай  аудандық орталық  ауруханасы  және  перзентхана  бөлімінде, орталық  ауруханасына  қарасты  емханасындағы  медицина  қызметкерлеріне  АИТВ инфекциясын алдын алу және одан сақтану  мақсатында  семинар жұмыстары  жүргізілді. Сонымен қатар, жадынамалық түсіндірме парақшалар таратылды. Сондай-ақ, орталықтың дәрігерлері Жамбыл облысы бойынша соңғы алты айдың эпидемиологиялық жағдайымен таныстырып, барлық сұрақтарға жауап берді. Жиынға 40-ға жуық медицина қызметкерлері қатысты. Орталықтың эпидемиолог дәрігерлері   Айнур Тұрғынбаева,  Виктор Когай баяндама  жасады.

 

«Жамбыл облысының тұрғындарын тестілеумен қамту» тақырыбында семинар өткізілді

7 қазанда Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог – дәрігері Г. А. Қалметова қалалық көпсалалы ауруханада «Жамбыл облысының тұрғындарын тестілеумен қамту. Биоматериалды алу ережелерін сақтау (таңбалау, журналда тіркеу, ОПС сақтау)» тақырыбында тренинг өткізді, семинар бас дәрігердің хирургиялық жұмыс жөніндегі орынбасары С. Ш. Жұмашевтің төрағалығымен өтті.

 

 

 

Медицина қызметкерлері арасында семинар өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиология бөлімінің мамандары Ахметова Г.,Сагадиева А., және алдын-алу бөлімінің эпидемиолог дәрігерінің көмекшісі Мартынова В. Жамбыл аудандық орталық ауруханасы және емханасы медициналық қызметкерлері арасында АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша семинар өткізді. Сонымен қатар аталмыш жиында   ҚР және Жамбыл облысы бойынша АИТВ-инфекциясының эпидемиялық ахуалы, апаттық жағдайлардың алдын алу АИТВ-инфекциясының мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық құжаттармен және де клиникалық сондай-ақ, эпидемиологиялық  көрсетілімдер  бойынша контингенттерді АИТВ-инфекциясына зерттеп қарау бойынша, соның ішінде балалар мен жасөспірімдерді уақытылы тексеру жөнінде айтылды. Семинарға 79 медицина қызметкерлері қатысты

 

«АИТВ-инфекциясына тестілеу» тақырыбында семинар-кеңес.

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы қызметкерлерінің қатысуымен  20 қыркүйек күні ЖИТС орталығының мәжіліс залында «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» орындалуы мақсатында облыстық, қалалық, аудандық емдеу алдын алу ұйымдарының ЖИТС-қа жауапты дәрігерлері, дәрігер-педиатр, терапевт, жасөспірімдер кабинеті дәрігерлері және сауықтыру орталықтарының медицина қызметкерлерімен «АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ-нің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-211/2020 бұйрығына сәйкес эпидемиологиялық және клиникалық  көрсеткіштері бойынша медицина ұйымдарында жұмысты жандандыру және халықты АИТВ-инфекциясына тестілеу» атты семинар  өткізілді.

                                              

Мойынқұм ауданына сапар

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологтары А.Д. Тұрғынбаева және С.Ш. Дулатбаева облыстық ЖИТС орталығы мамандарының медициналық ұйымдарына жоспарлы шығу кестесі аясында Мойынқұм ауданына барды. Ауданның медицина қызметкерлері арасында семинар өткізілді, оның ішінде 16 дәрігер қамтылды. Семинар барысында аудандар бойынша облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай, пациенттерді АИТВ тексеру көрсеткіштері, ХНТ мен халық арасында алдын алу жұмыстарының ерекшеліктері және басқа да көптеген мәселелер талқыланды.

АИТВ-инфекциясы туралы дәріс

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Ардақ Жетібаева және Айнур Тұрғынбаева АИТВ-инфекциясы туралы дәріс өткізді. Кездесу облыстық қан орталығының қызметкерлерінің арасында өтті.

Эпидемиология бөлімінің дәрігері Ардақ Жетібаева АИТВ-инфекциясы туралы негізгі ақпаратты: берілу жолдары, алдын алу және емдеу шаралары туралы айтып берді. Сондай-ақ, спикер АИТВ-оң адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу туралы атап өтті, өйткені берілу жолдары шектеулі және бүгінгі күні АИТВ инфекциясы созылмалы аурулар санатына өтті. Дәріскер өз презентациясында медицина қызметкерлеріне Жамбыл облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды.

 

 

 

 

«е-Otinish» Мемлекеттік органдарға ресми шағымдарды қабылдау

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІ

2021 жылғы 1-ші шілдеден қолданысқа еңгеннен бастап қала тұрғындары е-өтініш сайтына арыз, шағым, ұсыныс, үн-қосу, өтініш хабарларын қалдыруына болады. Заңмен бекітілген уақытта жауап берілетін болады.

 

Зертхана маманы білімін жетілдіріп келді

Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы мен «LifeMed Holding» ЖШС–нің ұйымдастыруымен аумақтық ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылық синдромы) орталығының зертхана қызметкерлері Оңтүстік Корея Республикасында өз білімдерін жетілдіріп келді. «BioNeer Corporation» инновациялық биотехнологиялық корпорациясының базасында ExiStation TM 16, 48 DX платформасында жұмыс істеу бойынша тереңдетілген оқыту курстары мен шеберлік және тәжірибелік сабақтары өтті.
Оқыту барысында диагностикалық жиынтықтарды әзірлеушілер мен зауыт мамандары зертханалық қызметкерлер үшін сапаны бақылау, деректерді талдау және зерттеу нәтижелерін талдау мәселелерін қамтитын ПТР диагностикасы бойынша теориялық және тәжірибелік курстар өткізді. Қазақстандық мамандар зауытта болып, өндірістік үдеріспен және инфекциялық ауруларды диагностикалауға арналған жабдықтар мен тестілер саласындағы жаңа әзірлемелермен танысты. Оның ішінде Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының атынан зертхана маманы Малимов Алтайхан Әлмаханбетұлы барып қайтты.
Сапар аясында қазақстандық делегация фармакология, профилактика, зертханалық диагностика және геномдық зерттеулерді қоса алғанда, денсаулық сақтаудың көптеген бағыттары бойынша жұмыс істейтін «Green Cross» биотехнологиялық компаниясына шақырылды. Біздің қызметкерлер Оңтүстік Кореяның жұқпалы аурулар диагностикасына маманданған жетекші клиникалық зертханаларының бірі – «Green Сгоѕѕ» диагностикалық зертханасына барып қайтты. Бұл зертхана жаһандық диагностикалық желінің бөлігі болып табылады.
ЖИТС орталықтарының зертханалық қызметкерлері корей әріптестерімен тәжірибе алмасып, зертхананың жабдықталуымен және үлгінің тіркелуі мен қозғалысынан бастап, зерттеу жүргізуге және есеп алуға дейін толық автоматтандыру жүйесімен (ТLA) танысты, бұл тәулігіне 24 сағат бойы зерттеулердің сенімді нәтижелерін беруді қамтамасыз етеді.
Естеріңізге сала кетсек, 2021 жылы ҚР ЖИТС орталықтарының 15 зертханасы АИТВ жұқтырған пациенттерді емдеу және инфекциялық ауруларды диагностикалауға зертханалық мониторинг жүргізу үшін автоматтандырылған ПТР платформаларымен жабдықталған болатын. BioNeer корпарациясының ExiStation TM 16 DX автоматтандырылған ПТР жүйесі биологиялық материалдарды молекулалық -генетикалық және геномдық диагностикалауда қолданылатын заманауи құрылғы.

 

 

 

 

АИТВ- жұқпасының алдын алу

АИТВ- жұқпасының алдын алу
7 қыркүйек күні Жамбыл облысытық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігерлері Виктор Когай, Айгүл Сағадиева, және Айнур Тұрғынбаева АИТВ-жұқпасының алдын-алу тақырыбында «АLMAZ MEDICAL CROUP» №4 қалалық емхансының медицина қызметкерлеріне кездесу өткізді. Кездесу барысында АИТВ-инфекциясы туралы және берілу жолдары мен алдын алу іс-шаралары бойынша толық ақпарат берілді. Сонымен қатар орталықтың дәрігерлері Жамбыл облысы бойынша соңғы алты айдың эпидемиологиялық жағдайымен таныстырып, барлық сұрақтарға жауап берді. Жиынға 30-ға жуық медицина қызметкерлері қатысты.