Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталықтардың басшыларына

Құрметті басшылар! 

ҚР ДСМ «Қазақ Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығы» ШЖК РМК — тұрғындардың негізгі топтарына (ХНТ) және АИТВ өмір сүретін адамдарға арналған алдын алу, күту және емдеу бойынша қызметтердің тұрақтылығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларға СОVID-19 пандемиясының әсерін жұмсарту жөніндегі Жаһандық Қордың гранты аясында АИТВ өмір сүретін адамдарға арналған 2022 ж. наурыз айынан АИТВ инфекциясы және СОVID (алдын алу, диагностика, вакцинация, қызмет алу байланыстары, сондай-ақ психологиялық және психотерапиялық көмек көрсету) мәселелері бойынша АӨСА және ХНТ онлайн кеңес беру бойынша «Жедел желі» басталды.

Бұл «Жедел желі»  телефоны Қазақстанның кез келген жерінен барлық ХНТ өкілдеріне (ЕЖЕ, СҚ, TГ, ИЕТА) және АИТВ инфекциясына қол жетімді. Кеңес беру мен сессиялар қазақ және орыс тілдерінде жүргізілуі тиіс.

Топтар бойынша веб-кеңесшілердің байланыстары:

     Веб-кеңес берушілер            Психологтар
       Есімі     Тобы  Байланыстар       Есімі Байланыстар
Наталья    АӨСА 87717667750 Аян 87717667763
 Светлана    АӨСА 87717667751  Айман 87717667764
Ольга     ИЕТА 87717667754 Ирина 87717667765
Анна     ИЕТА 87717667756 Психотерапевтер
Наталья    ИЕТА 87717667758 Анар 87717667768
Куаныш     ЕЖЕ 87717667753  Алмас 87717667769
Милана     ТГ 87717667759
Ремир     ТГ 87717667760
Айнур     СҚ 87717667761
Ольга     СҚ 87717667762

 

Директор:                                                              А. Абишев

Тараз қ.
Төле би даңғылы, 64г

+7 (7262) 45-65-32
aidstaraz@med.mail.kz

Біз әлеуметтік желідеміз

 

© 2021

 

Халықтың негізгі топтары арасында шағын сессияларды өткізу ерекшеліктері

Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының  дәрігер-эпидемиологы А. С. Цзи.

АИТВ-инфекциясының таралуын шектеу саласындағы тиімді шаралардың бірі – «Зиянды азайту» бағдарламалары. Қазақстан Республикасындағы зиянды азайту жөніндегі алғашқы бағдарламаларды БҰҰ агенттіктері мен Сорос-Қазақстан қоры 1997 жылы қолдады. Жоба ЮНЭЙДС қолдауымен Қарағанды облысы Теміртау қаласында инъекциялық есірткі тұтынушылар арасында Қазақстанда алғашқы эпидемия кезінде эпидемияға қарсы шара ретінде ұйымдастырылды. 2000 жылдан бастап халықтың осал топтары арасында алдын алу іс-шараларын жүргізу мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен көзделген. 2001 жылы зиянды төмендету тәсілдері мен элементтері «Қазақстан Республикасында ЖИТС  індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаға», ЖИТС індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына енгізілді.

Шприцтер, мүшеқаптар ақпараттық және білім беру материалдары, спирттік майлықтары және т.б. материалдарын таратудан басқа, «Зиянды азайту» бағдарламалары аясында әңгіме қатысушылары көп болатын бетпе-бет сөйлесу немесе шағын сессиялар түрінде психоәлеуметтік кеңес беру өте маңызды.

Кеңес беру үрдісі үш кезеңге бөлінеді: тестке дейінгі, тесттен кейінгі және кейінгі кеңес беру. АИТВ туралы кеңес беру клиенттердің қажеттіліктеріне бейімделген. Кеңес берудің мазмұны мен тәсілдері айтарлықтай дәрежеде нысаналы топқа байланысты өзгеріп отырады: ерлер, әйелдер, жасөспірімдер, ерлермен жыныстық қатынастары бар ерлер (ЕЖЕ), инъекциялық есірткіні тұтынатын адамдар (ИЕТА), секс-қызметкерлер (СҚ) және т. б.

«Клиент назарда» қағидаты бойынша құрылған жұмыс клиенттің жеке қажеттіліктеріне негізделген интерактивті үрдіс болып табылады. Кеңесші қатаң әдістерді пайдаланбайды, оның әрекеттері клиентті ойлануға, мәлімдемелерге және тәуелсіз шешім қабылдауға ынталандыруға бағытталған. Кеңесші тек ақпарат беріп қана қоймайды. Оның мақсаты-клиенттің өз болашағына қатысты ықтимал алдын-алу шаралары мен шешімдерін талқылау.

Бұл тәсіл клиенттің жеке ерекшеліктерін түсінуді талап етеді: мінез-құлық, өмір салты, жыныстық қалаулар нәсіл/этникалық топ, мәдениет, білім деңгейі, әлеуметтік және экономикалық жағдай, сондай-ақ жеке тұлғаны еркін таңдау және өзін-өзі анықтау құқығы мен қабілетін тану.

Құпиялылық дегеніміз-клиенттің жағдайын немесе мәселелерін бөтен адамдармен талқылауға тыйым салу.

Көптеген адамдар зардаптарынан (отбасынан және/немесе қоғамнан шеттету) қорқып, АИТВ қызметтеріне қол жеткізуге қорқады. Олар үшін құпиялылыққа кепілдік беру өте маңызды. Құпиялылық АИТВ  алдын алу және күтім көрсету қызметтерін талқылау үшін маңызды болып табылатын кеңесші мен клиент арасындағы сенімді қарым-қатынасты орнатуға көмектеседі.

Құпиялылық әсіресе топтық кеңес беруде маңызды. Алдын ала топтағы әрбір адам топтық кеңес беруге қатысуға келісімін растауы және басқа қатысушылар туралы ақпаратты жарияламау үшін жауапкершілікті қабылдауы керек.

Кеңесші адамға шынайы қызығушылық пен оған көмектесуге ниетті болуы керек. Жалпы адамзатты сүю емес, оның нақты өкілін құрметтеу маңызды. Адамдар өздеріне қалай қарайтынын нәзік сезінетінін және соған сәйкес әрекет ететінін ұмытпауымыз керек.

Кеңес беру кезінде клиентке барынша назар аудару керек, бөгде істермен айналыспау керек (телефонмен сөйлесу, әріптестеріне кіруге рұқсат беру және олармен кейбір, тіпті маңызды мәселелерді талқылау және т.б.).

Клиентке сөйлеуге барынша мүмкіндік беру керек.

Кеңесші детективке ұқсамауы керек. Егер кеңес беруші клиентті тым ашық айтуға мәжбүрлейтін болса, кездесуден кейін, кінәні сезінудің нәтижесінде клиент кеңес беру кезінде қабылдаған оң шешімдерден бас тартуы мүмкін, сонымен қатар кеңесшіге қорқыныш пен сенімсіздікпен қарай бастайды.

Кәсіби құпияны сақтау керек. Егер кеңес беруші қандай да бір себептермен клиент туралы ақпаратты басқалармен бөлісуге міндетті болса, бұл туралы клиентті әңгіменің басында хабардар ету керек.

 

 

 

АИТВ-инфекциясының алдын алу

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Ардақ Жетібаева және Айнур Тұрғынбаева АИТВ-инфекциясы туралы дәріс өткізді. Кездесу облыстық қан орталығының қызметкерлерінің арасында өтті.

эпидемиология бөлімінің дәрігері Ардақ Жетібаева АИТВ-инфекциясы туралы негізгі ақпаратты: берілу жолдары, алдын алу және емдеу шаралары туралы айтып берді. Сондай-ақ, спикер АИТВ-оң адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікке жол бермеу туралы атап өтті, өйткені берілу жолдары шектеулі және бүгінгі күні АИТВ инфекциясы созылмалы аурулар санатына өтті. Дәріскер өз презентациясында медицина қызметкерлеріне Жамбыл облысы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды.

 

 

Республикалық референдумді өткізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығында 5 маусымда өтетін республикалық референдумді өткізу бойынша түсіндіру жұмыстарын облыстық қан орталығының директоры Гулам Умаров Мұхтарұлы жүргізді және
Қазақстан Республикасы Конституциясының баптары мен жаңа түзетулерін оқып берді. Және қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.
Республикалық референдум 2022 жылғы 5 маусымда өтеді.

 

 

 

 

ЖИТС кезіндегі психикалық бұзылыстар

ЖИТС кезіндегі психикалық бұзылыстар

(ЖИТС, ағылш. AIDS) – аса қатерлі вирустық дерт. Қоздырушы – адамның иммундық дефицит вирусы HIV (ИДВ) Вирус иммундық жүйесінің жасушаларының жұмысын бұзып, жойып, нәтижесінде жүре пайда болған иммундық дефицитінің синдромы (ЖИТС) пайда болып, адам организімінің қорғаныс механизмдерінің жұмысы бұзылып, инфекциямен қатерлі ісіктерден кәдімгі иммунды статус қалыпта болған жағдайда дамымайтын оппортунисттік аурулар пайда болады.
АИТВ/ЖИТС ең алғаш 1981 жылы АҚШ –та тіркелген. АИТВ (Адамның иммун тапшылығы вирусы) вирусынан туындайды. Жұқпа ағзаға түскенде адамды аурудан қорғайтын иммундық жүйесін зақымдайды. Иммундық жүйе зақымданған кезде адам организмінің жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті күрт төмендеп кетеді.Тіпті, сау қорғаныш жүйелері тез жеңетін әдеттегі жеңіл аурулардың соңы асқынып, қатерге соқтыруы мүмкін.
Әрбір адам жынысына, жасына, ұлтына қарамастан АИТВ –ны жұқтыруы әбден мүмкін. АИТВ вирусы оны жұқтырған адамда іштей дамып, бірнеше жылдар бойы білінбеуі де ықтимал.
Жұғу жолдары: АИТВ жұқтырған адам- жұқпаны (вирус) жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан, жұқпа тасмалдаушылар өте қауіпті. АИТВ жұқпасы көп мөлшерде қанда, шәует (сперма) сұйығында, қынап кілегейінде, емшек сүтінде болады.
АИТВ/ЖИТС жұқпасын жұқтыру кезіндегі психикалық бұзылыстар екі түрлі фактормен көрінеді.
1.Жалпы улану және нейрондарының зақымдануы;
2.Дауасыз ауру екенін білгеннен кейінгі психикалық күйзеліс. Аталған факторлар аурудың өршуіне себеп болады. Психикалық бұзылыс АИТВ диагнозы қойылғанан кейін науқас адамның тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты болады. Жазылмайтын ауруға душар болғанын білген соң дамитын психикалык стресс. Психологиялық реакциялар өте тез дамиды: беймаздық, күмәншілдік, эмоционалды тұрақсыз, ренжігіш болып келеді.
Клиникасы: Орталық жүйке жүйесінің нейрондарды зақымдаушы нейротропты жұпа әсерінен науқастың иммунитеті төмендеуі нәтижесінде психикалық ауытқу пайда болады. Инкубациялық кезеңі 1ай – 5жыл. Көп деген науқастарда манифестацияға дейін апатия, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, ұйқының бұзылуы, көңіл-күйдің төмендеуі пайда болады. Бұл аурудың алғашқы сатысынан бастап психогенді бұзылыстар невротикалық немесе психикалық түрде болады. Науқастар ЖИТС-пен ауыратынын білгеннен кейін бірден депрессияға, өзін-өзі кінәлауға, бұл жағдайдан шыға алмауына, тіпті өз-өзіне қол жұмсауға тырысады. Науқастарда дисфория, есалаң сияқты мінез-құлықтар пайда болады, ашуланшақ кейде ұстамалы аурулар болады. Өзінің ауруын момойындағанан кейін симптомдар күшейе түседі. Бұл кезде ажитация, ұйқының бұзылуы, анорекция, үрейдің басым болуы, тіпті дәрігерді ұрып жіберуі мүмкін.
Диагностикасы: АИТВ/ЖИТС жұқтыру кезеңінде психикалық бұзылысты невротикалық спидофобиялық синдромнан ажыратып алу керек.
Анализдер тапсыру керек;
Дәрігер мамандарға қаралу керек;
Психиатр дәрігердің қарауында болу керек.
Емі: Аурудың ауырлық дәрежесіне және клиникалық көрінісіне байланысты тағайындалады.
Этиотропты;
Симптоматикалық.
Қорытынды: АИТВ/ЖИТС тасмалдаушыларды анықтап, жұғу арнасын сенімді түрде жауып тастау. Осы мақсатта көптеген елдерде мынадай шаралар жүргізіліп жатыр: халықтың (тұрғындардың) кейбір топтарын сөзсіз және жоспарлы түрде лабораториялық тексеруден өткізу; донорлық, қанды, сперманы, органдарды тексеру; гемофилиямен ауыратындарды, нашақорларды, гомосексуалистерді, жезөкшелерді тексеру; АИТВ/ЖИТС-пен ауырғандарға консультация және көмек беретін комиссия жұмыстарын ұйымдастыру. Қорыта айтқанда Салауатты өмір салтын қалыптастырып, әдепті өмір сүріп, отбасы бірлігі берік болса, зиянды әдеттер арақ-шарап ішіп, наша тартудан, кездейсоқ жыныстық жақындасудан аулақ болса, әрбір адам өзін-өзі АИТВ/ЖИТС-тен қорғай алады.

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының №11сенім пуктінің психологы Сунгибаев Бауыржан Мэлсулы.

 

 

 

 

 

Аутрич қызметкерлермен кездесу

2022 жылдың 4 мамырында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының алдын алу және қоғаммен байланыс бөлімі мамандарының ұйымдастыруымен аутрич-қызметкерлерге«ИЕТА және ЕЖЕ арасында АИТВ ның алдын алу бойынша аутрич қызметкерлердің жұмысы» тақырыбында семинар ұйымдастырылып өткізілді.
Біздің түсінігімізше аутрич-жұмыс — бұл мекеме қабырғасынан тыс, олар үшін үйреншікті жағдайларда жүргізілетін жабық нысаналы топтарды қамту бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізу.
Аутрич-жұмысты өткізу — қауіпті мінез-құлықты төмендету және оларға жеке қорғаныс құралдарын ұсыну бойынша әңгімелесу, талқылау жолымен АИТВ және басқа да инфекциялардың алдын алуын жүргізуге мүмкіндік береді.
Кездесу барысында жедел тестілеумен қамтуды жақсарту бойынша одан әрі жұмыс талқыланды, сондай-ақ аутрич қызметкерлер АИТВ-ның алдын алу бойынша сұрақтарын қойып, және оларға тиісті толық жауаптарын алды.
Семинарға 10-ға жуық аутрич-қызметкер қатысты. Ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

 

«Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығы» ШЖК РМК

Сәлеметсіз бе!

Осы хабарламада төменде келтірілген ақпаратпен және қосымшалармен танысуыңызды сұраймыз.

Құрметпен,

 «Қазақ дерматология  және жұқпалы аурулар ғылыми орталығы» ШЖК РМК

8 727 397 4223

Қазақстанның барлық аумағында халықтың барлық негізгі топтары мен АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін қазақ/орыс тілдерінде кеңес беруге және бірқатар мәселелер бойынша клиенттерді қайта бағыттауға дайын веб-консультанттардың жұмысы іске қосылады:

  • вакциналау- Қазақстанда COVID-19 жаңа штаммы тіркеліп жатыр
  • зиянды төмендету (оның ішінде орнын басу терапиясы) ЖИТС орталықтарына қайта бағыттау (мүшеқаптар, майлау, тестілеу, өзін-өзі тексеру, терапияға дейін жеткізу, контактіге дейінгі, контактіден кейінгі алдын-алу, және басқалары)
  • біздің психотерапевттерден тегін жеке сессияларға алдын ала тапсырыс беру  – төменде сипаттама
  • құжаттармен көмек ·
  • eGOV
  • есепке қою (ХҚКО, жұмыспен қамту орталықтары, жәрдемақылар және т. б.)
  • ХНТмен АӨСА толғандыратын басқа да көптеген сұрақтар

Топтар бойынша веб-кеңесшілердің байланыстары: 

АӨСА:

  • Наталья, 87717667750
  • Светлана, 87717667751

ЕЖЕ:

  • Дильшат, 87717667752
  • Қуаныш, 87717667753

ИЕТА:

  • Ольга, 87717667754
  • Анна, 87717667756
  • Наталья, 87717667758

ТГ:

  • Милана, 87717667759
  • Ремир, 87717667760

СҚ:

  • Айнұр, 87717667761
  • Ольга, 87717667762

Әрбір веб-кеңесшінің SMS қабылдау/жіберу, WhatsApp, Telegram, пошта, ZOOM, мобильді интернет, ВК аккаунт бойынша қоңырау шалу мүмкіндігі бар.

Психотерапевтер қалай көмектеседі:

Клиенттердің өтініші бойынша веб-кеңесшілер психотерапевттермен жеке сеанстарға тапсырыс береді. Психотерапевтер тапсырыс берген уақытта клиенттерді шақырады және телефон, Whatsapp, Telegram, масштабтау арқылы сеанстарды өткізеді (мазасыздықты, қорқынышты азайту, мәртебені қабылдауға көмектесу, терапияға, вакцинацияға, басқа көмекке қайта бағыттау және т.б.). Бірнеше сеанс жасауға мүмкіндік бар,  бірақ бұл төтенше жағдай екенін есте сақтау керек. Сеанстар тегін және анонимді түрде өтеді. Клиенттердің рұқсатымен біз веб-кеңесшілердің де, психотерапевтердің де жұмысының бағасын жинаймыз.

Орыс және қазақ тілдеріндегі баннерлер қоса беріледі, оларды чаттарыңызда және әлеуметтік желілерде жіберу үшін пайдалануға болады.

Zoom форматында дөңгелек үстел  өтті

Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығы ҚДЖАҒО медиажоспарына сәйкес бүгін 13 мамыр күні ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күніне арналған Zoom форматында дөңгелек үстел  өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты— АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қолдау, ақпараттандыруды арттыру, АИТВ-инфекциясының таралуына қарсы іс-қимылда күш-жігерді біріктіру.

Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні

Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Биылғы жылы бұл оқиға 15 мамырға келеді.
Дүниежүзілік еске алу күні – бұл АИТВ-инфекциясының одан әрі таралуына қарсы тұру дайындығы мен ниетін көрсетудің тағы бір мүмкіндігі.
Осы іс-шараны өткізудің мақсаты-ЖИТС-тан қайтыс болған адамдарды еске алу, қоғамға АИТВ-ның берілу жолдары, АИТВ-инфекциясынан қорғану әдістері және ауруды дер кезінде диагностикалау туралы ақпарат беру.
Әрбір адам эпидемияға қарсы күрес ісіне өз үлесін қоса алады, уақытылы тестілеуден өтіп, өз денсаулығы мен қоршаған адамдардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыра отырып, өзін және жақындарын қорғай алады.
Тарихы:
Аурудың алғашқы жағдайлары 1981 жылы АҚШ-та, негізінен бір-бірімен жыныстық қатынасы бар ерлер арасында табылды. Келесі жылдары ауру халықтың басқа топтарының арасында да тіркелген.
1982 жылы ЖИТС аббревиатурасының толық жазылуы енгізілді – Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы, АИТВ-инфекциясының соңғы сатысы.
Еске алу күні құрметіне алғашқы іс-шаралар 1993 жылы Сан-Франциско қаласында өтті. Оларды әлемнің көптеген елдері қолдады.
1985 ж. вирусты анықтауға арналған бірінші тесттің ойлап табуымен ерекшеленді және ықтимал берілу жолдары аталды.
1988 жыл 1 желтоқсан –ЖИТС – пен күрестің ресми күні болып аталды-құрылтайшылары Джеймс Бунн және Томас Неттер.
1991 жылы ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу үшін суретші Фрэнк Мур қызыл лента түрінде символ жасады, оны киімге шаншады.
Қазақстанда АИТВ инфекциясының алғашқы жағдайы 1987 жылы тіркелді. Осы уақытта әлемнің көптеген елдерінде АИТВ-инфекциясы індетіне қарсы әрекет ету үшін түрлі алдын алу бағдарламалары қабылданады. СССР Денсаулық сақтау министрлігінің 1989 жылғы 10 сәуірдегі № 239 бұйрығымен ҚазССР Денсаулық сақтау министрлігінің жанынан ЖИТС-пен күрес жөніндегі Комитет құрылды.

Қазақстанда АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша ДДҰ мен ЮНЭЙДС-ның қазіргі заманғы халықаралық ұсыныстары енгізілуде.
Жамбыл облысы 2022 жылдың 3 ай ішінде АИТВ -жұқпасының 31 жағдайы анықталды, 12-49 жас аралығындағы ауру таралуының көрсеткіші 0,16% құрады. 100 мың тұрғынға шаққанда көрсеткіш 2,6 % құрады
Әлеуметтік мәртебесі бойынша жұмыс істемейтін контингенттің арасында бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 56,7% оқиға тіркелген. Балалар мен жасөспірімдер арасында АИТВ-инфекциясы жағдайлары тіркелген жоқ.
Сыртқы түріне қарай, адам жұқтырған немесе жұқтырмаған адамды анықтау мүмкін емес. Адамда АИТВ-ы бар немесе жоқ екенін тек бір жолмен ғана білуге болады. АИТВ-ға тест тапсыру арқылы.
АИТВ инфекциясын жұқтырмау үшін есте сақтау қажет!
АИТВ тек қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде, қан арқылы және инфекцияланған анадан балаға (жүктілік, босану, ана сүтімен тамақтандыру кезінде) беріледі.

 

 

ЖИТС орталығының мамандары телерадиоға сұхбат берді

Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күресу орталығы, алдын алу бөлімінің психолог маманы Мереке Бегманова және эпидемиялогия бөлімінің эпидемиолог дәрігері Жібек Аушенова «АИТВ инфекциясы мен ЖИТС ауруын жұқтырған жүкті әйелдермен жұмыс» тақырыбында облыстық «JAMBYL» телерадиосына эфирге шығып, сұхбат берді.