Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Тараздың сауда үйлерінде тұрғындарға арналған акциялар өтті

Тараздың сауда үйлерінде тұрғындарға арналған акциялар өтті.
Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні аясында облыстық ЖИТС орталығы Тараз қаласының сауда үйлерінде акциялар өткізілді. Орталық қызметкерлері АИТВ-жұқпасы және стигма, кемсітушілік туралы анонимді сауалнама жүргізіп, брошюралар таратты.
Қазақстанда ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні жыл сайын өткізіледі, бұл АИТВ-инфекциясының одан әрі таралуына қарсы іс-қимыл жасауға, пациенттердің өмірі мен денсаулығын сақтауға дайындығын көрсетудің тағы бір мүмкіндігі.

 

 

12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күні

12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күні.

Ақ халатты абзал жандар сіздерді мейірбикелер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Ерен еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай еңбек етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер!

 

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы базасында жоспарлы семинар өтті

2022 жылдың 11 мамырында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының базасында жоспарға сәйкес кіші медициналық қызметкерлер, вахталар, жүргізушілер арасында терроризмге қарсы іс-шаралар бойынша семинар өткізілді. Бұл қызметкерлердің мекеменің жертөлелеріне, шатырларына және террористік тұрғыдан осал басқа да стратегиялық аймақтарға қолжетімділігі бар. Терроризмге қарсы жауапты дәрігер әлемдегі лаңкестік ұйымдардың шығу тегі туралы дәріс оқып, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларға ұқсас объектілерді тапқан кездегі әрекеттер туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті дайындаған бейнероликтерді көрсетті.

Жамбыл Облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері Т. Рысқұлов ауданының ЕАҰ жоспарлы сапарға шықты

Жамбыл Облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері АИТВ-инфекциясы саласындағы  және эпидемияға қарсы жұмысты мониторингілеу мақсатында Т. Рысқұлов ауданының ЕАҰ жоспарлы шығу жүргізді. Аудандық емханаға, атап айтқанда алдын алу  бөлімге әдістемелік көмек көрсетілді, 2022 жылдың 4 айында АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай және АИТВ тексерудің клиникалық көрсеткіштері өсу бойынша тақырыптармен семинар өткізілді. Сондай-ақ түрлі ақпараттық-білім беру материалдары мен бұйрықтар берілді.

Аутрич қызметкерлермен кездесу

2022 жылдың 4 мамырында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының алдын алу және қоғаммен байланыс бөлімі мамандарының ұйымдастыруымен аутрич-қызметкерлерге«ИЕТ және ЕЖЕ арасында АИТВ ның алдын алу бойынша аутрич қызметкерлердің жұмысы» тақырыбында семинар ұйымдастырылып өткізілді.
Біздің түсінігімізше аутрич-жұмыс – бұл мекеме қабырғасынан тыс, олар үшін үйреншікті жағдайларда жүргізілетін жабық нысаналы топтарды қамту бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізу.
Аутрич-жұмысты өткізу – қауіпті мінез-құлықты төмендету және оларға жеке қорғаныс құралдарын ұсыну бойынша әңгімелесу, талқылау жолымен АИТВ және басқа да инфекциялардың алдын алуын жүргізуге мүмкіндік береді.
Кездесу барысында жедел тестілеумен қамтуды жақсарту бойынша одан әрі жұмыс талқыланды, сондай-ақ аутрич қызметкерлер АИТВ-ның алдын алу бойынша сұрақтарын қойып, және оларға тиісті толық жауаптарын алды.
Семинарға 10-ға жуық аутрич-қызметкер қатысты. Ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

 

Медицина қызметкерлері арасында АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Байзақ аудандық емханасының медицина қызметкерлері арасында АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша семинар өткізілді.
2022 жылдың сәуір айының 22-і жұлдызында ЖИТС орталығы мамандары Индира Досымова және Жібек Аушенова, Байзақ аудандық медицина қызметкерлері арасында АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша семинар өткізілді. Семинарда ҚР және Жамбыл облысы бойынша АИТВ-инфекциясының эпидемиялық ахуалы, апаттық жағдайлардың алдын алу және олардың тактикасы, антиретровирустық терапия, АИТВ-инфекциясының мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық құжаттармен және де клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша контингенттерді АИТВ-инфекциясына зерттеп қарау бойынша, соның ішінде балалар мен жасөспірімдерді уақытылы тексеру жөнінде айтылды. Семинарға 30-жуық медицина қызметкері қатысты.

 

Баспасөз хатшыларына арналған тренинг

19-20 сәуір 2022 ж. Алматы қаласы «Қазақстан» қонақ үйінің «Алтын емел» конференц – залында ДДСҰ- ның жаһандық қорының қолдауымен ЖИТС орталығы және психикалық денсаулық орталығының баспасөз хатшылары үшін «Опиоидты агонисттерді қолдау терапиясы» бағдарламасы аясында білімдерін жетілдіру тренингі бастау алды.
Бұл семинар –тренингтің мақсаты басылым беттеріне мақала жазатын мамандардың осы саладағы терминдерді дұрыс пайдалануын үйретумен қатар, мамандарға сол аурумен ауырған науқастардың құқығына нұқсан келмейтіндей етіп сөз қолдану әдістерін игерту болып табылады.
Тренингті тәжірибелі маман Марина Максимова жүргізді. Қолдау терапиясы бағдарламасының сарапшысы Жания Сексенова, АИТВ-мен өмір сүруші адамдардың Қазақстандық одағының директоры Оксана Ибрагимова, метадонмен емделуші ерлі-зайыптылар бағдарлама тиімділігі жайлы пікірлерімен бөлісті.
Әлеуметтік желі қолданушылары артқан бұл тұста осы бағыттағы семинар – тренингтердің баспасөз мамандарына берер пайдасы мол. Алдағы уақытта осындай семинар тренингтер жиі ұйымдастырылса нұр үстіне нұр болар еді.

ЖИТС симптомы және АИТВ –инфекциясын емдеу

Вирусты жұқтырған адам ЖИТС-ке ұшырады деуге болмайды. ЖИТС-ке ұласуына ұзақ жыл өтеді (орта есеппен 10-12 жыл). АИТВ инфекциясын немесе ЖИТС-пен ауырған адам «Қанша жыл өмір сүремін?» және «Ауруым асқынған ба?» деген сұрақтар қояды. АИТВ да, ЖИТС те әр түрлі асқынады және бұл сұраққа нақты жауап беру мүмкін емес. Бүгінгі күні осы аурумен ауыратын адамдар бұрынғы жылдарға қарағанда ұзақ өмір сүреді. АИТВ және ЖИТС-ті емдеу жылдан жылға нәтижесін беруде.
Емдеу нәтижесінде ұзақ уақыт өздерін сау адамдай сезінеді. Емдеудің жаңа әдістері іздестірілуде. Инфекциямен күресте тиімді жаңа дәрілік заттардың пайда болатынына күмән жоқ, әрине. АИТВ жұқтырып алмау үшін қарапайым ережелерді сақтауыңыз қажет: есірткі заттарын пайдаланбаңыз және бірнеше адам пайдаланған шприцті қолдануға болмайды, қорғаныс құралдарынсыз кездейсоқ жыныстық қатынасқа түспеу керек, жыныстық қатынас арқылы берілетін ауруларды емдеу қажет, жүктілік кезінде дәрігердің бақылауында болу, өзіңіздің статусыңызды білу үшін АИТВ тестіден өту. Зерттеуді емханада анонимді түрде өтуге болады.

ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары

АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусының, яғни адамның иммунды жүйесін зақымдайтын вирустың қысқартылған атауы. Адамның иммундық жүйесін зақымдай отырып, басқа инфекциялық аурулардың дамуына ықпал етеді. Өйткені адамның иммундық жүйесі әлсіз болғандықтан, ауру туғызатын микроорганизмдермен күресуге қабілеті төмендейді. АИТВ жұқтырған адам сау адамға мүлде қауіп тудырмайтын микрорганизмдерге өте сезімтал болып келеді. Иммун тапшылығы вирусы адамнан адамға жұғады. АИТВ адамнан адамға үш жол арқылы беріледі: қан арқылы, жыныстық қатынас және тігінен (анасынан баласына жүктілігі, босану кезінде және ана сүтімен). Инфекция масаның шағуы, қол беріп амандасу, жүзу бассейндерінде шомылу арқылы берілмейді.

АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша кеңес беру

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында қашықтық ережелерімен бірге бетперде режимін сақтай отырып, Жамбыл облысындағы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету топтарының өкілдерімен, сонымен қатар осы орталықтың медицина қызметкерлерімен АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі жұмысты үйлестіруге жауапты тұлғалармен семинар өткізілді.