Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

№ 13 мектеп оқушыларына арналған дәріс

Ағымдағы жылдың қараша айының жиырма жетінші жұлдызында Тараз қаласының №13 орта мектебінде «АИТВ алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді. Облыстық ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Тұрана Мамедова 10-11 сынып оқушыларына АИТВ және ЖИТС ұғымдары, АИТВ инфекциясының берілу жолдары және алдын алу шаралары туралы ақпарат берді.
Қауіпті мінез-құлық, стигма және дискриминация дегеніміз не? Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқанын өткізуде оқушыларға бұл іс-шараның мақсаттары мен міндеттері, «Қоғамдастықтардың шешуші рөлі» ұранының мәні түсіндірілді. Сонымен қатар оқушыларға салауатты өмір салтын сақтау туралы айтылды. Іс-шарамен 46 адам қамтылды.

 

Тараз сервис және технология колледжінде дөңгелек үстел өтті

2019 жылдың 26 қарашасында Тараз сервис және технологиялар колледжінде дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Заурбекова Сара ұйымдастырды.

Қатысқандар: Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының педагогы Жакенова Рахима;

педагог-психолог – Назгүл Нұрмахамбетқызы;

медициналық бике – Назгүл Кажимухановна.

АИТВ/ЖИТС алдын алу шаралары, жұғу жолдары, Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы Рахима Жакенова баяндады. Қатысушылар 25 адам болды

 

Мектеп оқушыларына арналған дәріс

2019 жылдың 26 қарашасында Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының әлеуметтанушысы М.С. Бегманова және дәрігер эпидемиолог И.М.Досымова №14 мектептің 9-10 сынып оқушыларына дәріс оқыды. Дәріскерлер Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысында АИТВ/ЖИТС берілу жолдары, алдын алу шаралары, эпидемиологиялық жағдай туралы, сондай-ақ оқушыларға жыл сайын 5 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Дүниежүзілік ЖИТС қарсы күрес науқаны өткізіліп жатқанын айтты, оның ұраны жыл сайын өзгеріп отырады, осы жылдың тақырыбы «Қауымдастықтартың шешуші рөлі» болып табылады. Оқушылар АИТВ-инфекциясының берілу жолдары туралы сұрақтар қойды. Іс-шарамен 89 адам қамтылды.

 

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы жасөспірімдер мен жастарға экскурсия өткізеді

Халықаралық ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған айлық аясында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы «Жастар», «Мейірім» және «Жан Нұр» жастар денсаулық орталықтарымен бірлесіп «Қоғамдастықтардың шешуші рөлі» ұранымен экскурсия циклін ұйымдастырды. Экскурсияға жалпы білім беретін қалалық мектептердің жоғары сынып оқушылары, орта оқу орындарының және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Кездесу барысында Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологиялық, емдеу және алдын алу бөлімдерінің мамандары жасөспірімдер мен жастарды орталықтың жұмысымен таныстырды, тестілеудің маңыздылығы, емдеу тәсілдері туралы айтты, АИТВ жұқтырған адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті жеңудегі қиындықтарды түсіндірді.
Сондай-ақ, қонақтар Достық кабинетіне барды, олардың назарына АИТВ алдын алу туралы бейнероликтер мен ақпараттық буклеттер ұсынылды.
Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы Халықаралық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу күніне арналған науқанның басынан бастап 100-ге жуық жасөспірім мен жастарға экскурсия жасады.

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқаны туралы пенитенциарлық жүйеде өткен дәріс

2019 жылғы 22 қарашада Жамбыл облысының пенитенциарлық жүйесінің ҚАЖД-158/7 түзету мекемесінде Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқанына арналған «Қоғамдастықтардың шешуші рөлі» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріске медициналық қызмет бастықтары және түзеу мекемелерінің (ТМ) АИТВ бойынша жауаптылары: 158/1, 158/2, 158/4, 158/5 және 158/7 ТМ сотталғандары қатысты.
Сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының бас маманы Абдибай Ерлан құттықтау сөзінде науқанды өткізудің маңыздылығы туралы айтты, өйткені әркім қоғамның бір бөлігі болғандықтан, АИТВ туралы ақпарат өзін және жақындарын жұқтырудан қорғауға мүмкіндік береді. ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының эпидемиолог дәрігері Когай Виктор қатысушыларды «Қоғамдастықтардың шешуші рөлі» ұраны, әлемдегі, ҚР, Жамбыл облысындағы және пенитенциарлық жүйедегі АИТВ/ЖИТС-тың эпидемиологиялық жағдайы туралы хабардар етті.
«Мен АИТВ туралы неге айтамын?» атты видеоролик көрсетілді.

Теміржол колледжінде өткен дәріс

2019 жылдың 25 қарашасында Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының әлеуметтанушысы М.С. Бегманова мен Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы А.А.Әбдіқалықованың «Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ-ға қарсы Дүниежүзілік науқан, АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу шаралары, берілу жолдары, эпидемиологиялық ахуал» тақырыбында дәріс оқылды.

 АИТВ мәселелері бойынша сенім телефоны

 

+7(708) 511-83-79

Жамбыл облысы педагогтары мен оқушыларына онлайн-дәріс

2019 жылдың 21 қарашасында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының баспасөз орталығында «Жасөспірімдер арасында АИТВ мен нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында онлайн дәріс өткізілді. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының маманы Жакенова Рахима Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны, оның мақсаты туралы айтып, «Қауымдастықтың шешуші рөлі» атты ұранының мағынасын ашты. АИТВ-ның берілу жолдары мен алдын алу шараларына ерекше тоқтады. Наркологиялық диспансердің психологы Дөненбаева Әсел синтетикалық есірткілер, олардың ағзаға және жалпы болашаққа зияны туралы әңгімеледі. Онлайн дәріспен облыстың 257 мектебі қамтылды.

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқанына арналған №41 мектеп-гимназиясында өткен байқау.

№41 мектеп-гимназиясында 5-7 сынып оқушылары арасында «Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқанына» арналған сайыс өтті. Ол жыл сайын 5 қараша мен 5 желтоқсан аралығында өткізіледі. Байқау барысында оқушылар «АИТВ-ның алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау» тақырыбында дайындалған суреттер көрсетті. Сонымен қатар, оқушылар қойылымдар, көріністер көрсетіп, әр түрлі концерттік нөмірлер орындады. Бұл байқаудың мақсаты: балаларға салауатты өмір салтын үйрету.

Жоғары Жамбыл политехникалық колледжінің қыздарымен кездесу

19 қараша 2019 жылы жоғары Жамбыл политехникалық колледжінде қыздармен кездесу өтті. Іс-шараға Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының педагогы Рахима Жәкенова және гинеколог Розалия Перзадаева, облыстық «Садыхан» кеңестік-диагностикалық медициналық орталығының акушер-гинекологы Зағипа Бекманова және «Зер-Күміс» ЖШС мамандары Құралай Сайлаубаева мен Балқаш Сарыбаева шақырылды. Гинеколог жыныстық тәрбие тақырыбын ашып, ерте жүктілік және оның салдары, контрацепция түрлері туралы айтты. ЖИТС орталығының педагогы жыл сайын 5 қараша мен 5 желтоқсан аралығында «Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны» атап өтілетіндігін, осы жылдың ұраны «Қоғамдастықтың шешуші рөлі»,  АИТВ/ЖИТС алдын алу, берілу жолдары және алдын алу шаралары туралы айтты.