Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Адамның иммун тапшылық вирусын (АИТВ) анықтауда полимеразды тізбекті реакциялық зерттеудің маңызы

 Жамбыл облыстық ЖИТС орталығында 2018 жылдан бастап, “Полимеразды тізбекті реакция зертханасы” ашылды. ПТР зертханасына қажетті барлық жағдайлар жасалынып, халықаралық зертханалық стандарттарға сай жабдықталған. Заман талабына сәйкес жаңа технологиялық құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ол үшін АҚШ елінде шығарылған “BIO – RAD” (CFX96 Real-Tiem PCR Detection System) бірнеше аппараттар жиынтығы арнайы тапсырыспен алынып, қазірігі таңда сапалы қызмет көрсетуде.

Аталған аппараттар жиынтығының ерекшелігі: өте күрделі процесте жүретін ПТР талдауларының 5-6 сағат ішінде сандық қорытындысын беруі. Ал аппараттың басты қызметі: вирустық жүктемеге келген қан плазмасындағы арнайы жоғарғы технологиялық әдістермен патологиялық нуклейн қышқылдарынан бөлініп алынған ДНҚ (дезоксирибонуклейн қышқылы) мен РНҚ (рибонуклейн қышқылы) бөліктерінен, РНҚ молекуласының азғантай бөлігінде орналасқан АИТВ-1 инфекциясындағы РНҚ молекулаларын аз мөлшерден бірнеше миллионға дейінгі деңгейде көшірмелерін дәлме-дәл анықтап беруі. Бұл аппарат алынған сынамалардың қорытындысы бойынша АИТВ-1 РНҚ көшірмесінің ең төменгі деңгейі <500 көшірме/мл болса, ал ең жоғарғы деңгейі >10.000.000 көшірме/мл деңгейіне дейін анықтауға қабілетті.

Бұл зерттеулерді жүзеге асыру үшін, Ресей Федерациясында шығарылатын, “АмплиСенс ВИЧ-Монитор-FRT” реагенттер жиынтығы қолданылады. Бұл реагенттер жиынтығы АИТВ-1 инфекциясының РНҚ-сын ПТР әдісімен сандық (количественный) түрде анықтауға арналған.

АИТВ инфекциясының вирустық жүктемесін (вирусный нагрузка) анықтауда ПТР әдісінің маңызы өте зор. Себебі, ПТР қорытындысы бойынша емдеуші дәрігерлер ЖИТС сырқастымен ауыратын науқастарға антиретровирустық терапия (АРТ) жолымен ем тағайындайды. Яғни, науқастарға тағайындалған ем қаншалықты деңгейде әсер етіп жатқандығы осы ПТР әдісімен анықталатын зерттеулерге тығыз байланысты.

Қазіргі таңда Жамбыл облыстық ЖИТС орталығындағы ПТР зертханасында бір айда орта есеппен 200-ге жуық науқастан талдау сынамалары алынып, 250-ден астам зерттеулер жасалынады. Бұл дегеніміз, ПТР зертханасының заман талабына сай қызмет көрсетіп жатқандығын білдіреді.

 

АИТВ/ ЖИТС мәселелері бойынша Мойынқұм ауданының медицина қызметкерлерін оқыту.

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының (ОЖИТСО) ең негізгі міндеттерінің бірі – медицина қызметкерлерін оқыту. Облыстық ЖИТС орталығының мамандарымен 2019 жылдың 24 сәуірінде Мойынқұм ауданының Шығанақ станциясында « Халық арасында АИТВ алдын -алу және АМСК жағдайында психоәлеуметтік кеңес беру негіздері » тақырыбына семинар-кеңес өткізілді. Семинарға қатысу үшін аудандық аурухананың дәрігерлері мен фельдшерлері, емхананың және шалғайдағы ауылдық амбулаториялардың мейірбикелері, яғни халықпен көбірек байланыста және АИТВ/ЖИТС туралы айтуға мүмкіндігі бар адамдар жоспарлы түрде шақырылды. Сондай-ақ стигма мен кемсітушілік, ЖЖЖИ туралы мәлімет берілді, АИТВ біліміне сауалнама жүргізіліп, шағын топтарда берудің практикалық дағдылары пысықталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл облысында емдеу алдын алу ұйымдарда АИТВ жұқпасын алдын алу бойынша жыл сайынғы семинар-кеңес өтті.

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығында Жамбыл облысының ЕАҰ АИТВ жұқпасын алдын алу бойынша жыл сайынғы семинар-кеңес өтті. Іс-шараға АИТВ жауапты мамандар мен емдеу мекемелерінің қалалық және аудандық эпидемиолог-дәрігерлері қатысты.

Семинар-кеңесті Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері Ерлан Исмагулов құттықтау сөзбен ашты. Семинардың мазмұнды бағдарламасын спикер-мамандардың сөздері құрады.

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Гүлжан Калметова АИТВ бойынша республика және Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлады, сондай-ақ негізгі мәселелер мен оларды шешу жолдарын атап өтті.

Облыстық ЖИТС орталығының инфекционист-дәрігері Гүлнәр Байдаулетова АИТВ жұқпасына оң науқастарды диспансерлеу жөніндегі жұмыс туралы әңгімеледі.

Өз кезегінде облыстық қан орталығы ИФТ зертханасының меңгерушісі «Вакуумдық жүйелерді қолдану арқылы қан сынамасын алу ережелері» тақырыбына баяндама оқыды. Жамбыл облысының ЕААҰ бойынша 2018 жылғы ескертулер.

Эпидемиолог-дәрігер Александр Цзи «Жамбыл облысында АИТВ реципиенттерді зерттеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыбына баяндама дайындады.

Семинар соңында алдын алу бөлімінің меңгерушісі Ғалия Садыбекова медицина ұйымдары деңгейінде халық арасында АИТВ және ЖИТС алдын алу туралы өзекті ақпарат берді.

Қалалық перинаталдық орталығының инфекциялық бақылау мейірбикесі Қарлығаш Аленова үнемі алдын алу семинарларына қатысатыны туралы айтты.

-Біз алатын біліміміз өте маңызды, себебі, әрқашан АИТВ жұқпасымен байланысты жағдайды үнемі қадағалап, тиісті тәртіппен бұйрықтар бойынша жұмыс істеу керек,- деді ол.

 

Нарколог-психиатр дәрігерлеріне арналған оқыту семинары

2019 жылдың 19 сәуірінде Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында Электрондық тіркелімге психиатриялық және наркологиялық есепте тұрған тұлғалар туралы деректерді енгізу бойынша оқыту семинары өтті.

Семинарға Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігер Дегтерева И.И. шақырылды. Семинар-таныстырылым тақырыбы: ИЕТА (Инъекциялық есірткілерді тұтынатын адамдардың) 2019 жылдың I тоқсанына АИТВ жұқпасына тексерілуінің қамтылуы. ИЕТА АИТВ тестілеу кодтарын беру ережесі.

Дәрігер-эпидемиолог Дегтерева И.И. АИТВ жұқпасын алдын алу бойынша Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат бере отырып, ағымдағы жылдың I тоқсанында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ИЕТА арасында жүргізілген жұмыстың қорытындысын ұсынды. Тестілеу кодтарын беру ережелеріне ерекше назар аударылды.

Сөз соңында семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.

Қамтылуы- 42 медицина қызметкері.

АИТВ жұқпасын алдын алуда ата-аналардың рөлі

12 сәуірде Тараз қаласының №38 орта мектебінде ата-аналар «Ата -ананың басты бақыты-балалар » деген тақырып бойынша ата-аналар жиналысы өтті. Мектептің директоры Бисенғалиева Мадина жиналысты ашып, балаларды тәрбиелеу – бұл күрделі жол,  ата-аналардың көбісі өздерінің балаларының оқудан тыс уақытын қалай өткізіп жүргені туралы беймәлім, осы жағдай жасөспірімдердің қылмыс пен құқық бұзушылық жасауына әкеліп соқтырады. Мектептік ювеналды полиция инспекторы Шайдозым Мұрат пен мектеп психологы Баянова Көктем ата-аналар  балалардың мәселелеріне және олардың көңіл-күйіне  ерекше көңіл бөлу  керек екендігін ескертті.Облыстық ЖИТС орталығының дәріскері Жакенова Рахима АИТВ жұқпасы, ЖИТС  , таралу жолдары туралы түсінік бере отырып, АИТВ жұқпасының алдын алудың жалғыз тәсілі ретінде өз іс-әрекеттеріне жауапты мінез-құлық тәрбиелеу деп тұжырымдама жасады. 

Жасөспірімдердің денсаулығын сақтау

 2019 жылдың 12 сәуірінде Тараз қаласындағы медициналық колледжінің емдеу, медициналық мейірбике ісі және акушерлік факультеттерінің 1-2 курс студенттерімен  » Жасөспірімдердің денсаулығын сақтау» тақырыбына кездесу өтті. Ұлдар мен қыздардың алдағы ата-аналық қызметтерді жүзеге асыруы және өз денсаулығына жауапкершілікті дамыту маңызды. Ұстамдылық және қауіпсіз жыныстық қатынас жыныстық жолмен берілетін жұқпаларды (ЖЖБЖ) ғана емес, сондай-ақ жүктілік пен АИТВ жұқпасының қаупін азайтады. Облыстық ЖИТС орталығының дәріскері Жакенова Рахима АИТВ жұқпасының қаупін азайтады. Нарколог-дәрігер Ниязалиева Айнұр ағзаға зиянды заттардың әсері және оларды алдын алу шаралары туралы хабардар етті. 

Тәрбие бастауы – Отбасы

2019 жылы 5 сәуірде Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы (әрі қарай ОЖИТСО) Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты басқармасымен (әрі қарай Басқарма) бірлесе отырып, Жамбыл жоғары политехникалық колледж студенттерімен  «Тәрбие бастауы – отбасы» тақырыбына кездесу өткізді. Басқарманың бас маманы Бахтияр-ұлы Талас жастардың қоғамның қозғаушы күші ретінде әртүрлі салаларда мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды  жалғастыруы,  өз салаларында үздік маман болуы тиіс екендігін атап өтті. Жастар қауіпсіз сексуалды мінез-құлық, қажетсіз жүктілік сияқты жағымсыз көріністерге үлкен жауапкершілікпен қарауға тиіс. 

Тараз қаласының орталық мешітінің басты имамы Ахметов Ғазиз исламның отбасылық құндылықтары туралы, аға ұрпаққа құрмет көрсету туралы ескертті. ОЖИТСО дәріскері Жакенова Рахима жастардың ұрпақты болуы ата-аналардың денсаулығынан басталатынын, АИТВ мінез-құлық індеті екендігіне аса назар аударды.

 

 

«Дәрігер Абдуалиевтің Медициналық орталығы » ЖШС өткен семинар

 2019 жылдың 3 сәуірінде «Дәрігер Абдуалиевтің Медициналық орталығында » Жамбыл облыстық ЖИТС мамандары эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Калметова Г.А., Эпидемиолог-дәрігер Ахметова Г.Т. клиниканың медицина қызметкерлерін АИТВ жұқпасының Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысында таралу деңгейімен, АИТВ жұқпасы бойынша нормативтік базасымен, АИТВ жұқпасына бейім контингенттерді тестілеу ережелерімен және кәсіптік жұқпалардың алдын алу әрекеттерімен таныстыру мақсатымен семинар өткізді.

Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Калметова Г.А. 2018 жылы Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысында АИТВ індетін жұқтырудың эпидемиологиялық жағдайымен таныстырды. ҚР ДС және ӘД минимтрлігінің 2015 жылғы 23 маусымның №508 «Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша АИТВ тексеру үшін міндетті құпия медициналық сараптама ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес науқастарды тексеру шараларына толығырақ тоқтады. Жоғары қауіпті топ медицина қызметкерлері арасында АИТВ жұқпасына еселігі бойынша тексеруге енгізілген өзгерістер туралы айтты.

 Эпидемиолог-дәрігер Ахметова Г.Т. АИТВ жұқтырудың алдын алу әрекеттерін ұйымдастыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. АИТВ, ВГС,ВГВ індетінің қаупімен байланысты төтенше жағдайлар модельдерін қарауға, сондай-ақ медицина қызметкерлерін жұқтыру қаупін бағалауға ерекше көңіл бөлді

Жауапты мінез-құлық – АИТВ жұқпасынан қорғаудың кілті

2019 жығы 2 сәуірде Тараз қаласының индустриалды-технологиялық колледжінің 1 курс студенттеріне АИТВ індеті туралы дәріс берілді. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының дәріскері Жакенова Рахима АИТВ таралу жолдары туралы хабардар етті, АИТВ індетінен ең сенімді қорғаныс- ол денсаулығына, әрекеттеріне, достарына және туыстарына жауапты көзқарас болып табылатынын ескертті. Стигма мен кемсітушілікке, тестілеу түрлеріне қатысты мәселелер қаралды. Облыстық ЖИТС орталығы жанында Достық кабинеттің болуы және жұмыс істеу принциптері туралы мәлімет берді.Колледждің әлеуметтік педагогы Базарбаева Бақыт темекі шегу, маскүнемдік, нашақорлық сияқты зиянды әдеттер туралы ескертті. Бұл іс-шара денсаулық күніне арналды.

Баспасөз-хабарлама «2019 жылдың 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні»

Біздің бақытымыздың оннан тоғыз бөлігі денсаулыққа         байланысты.

Шопенгауер А.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылуын белгілеу үшін 7 сәуірде
Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі.

2019 жылғы 2-5 сәуір аралығында Тараз
қаласында «Жастар», «Денсаулық,» «Салауатты өмір салты» Денсаулық күндері өткізіледі.
Акцияның мақсаты  салауатты өмір салты туралы  студенттердің хабардарлық деңгейін арттыру
болып табылады.

Салауатты өмір салты – бұл халықтың денсаулығын сақтау, жақсарту және
қалпына келтірудің  жалғыз жолы.

Бүгінгі күні қоғам өз денсаулығына басқа көзқарасымен
қарайтын  ұрпақты қалыптастыру міндетімен  бетпе-бет келеді. Осы мақсатта өмірдің маңызды
кезеңі – жасөспірімдік, бозбалалық, яғни негізгі гигиеналық дағдылар мен әдеттер
қалыптасатын жас.

Жастар әрқашан денсаулықтың  көрінісі болған. Ол, әдетте, өмірлік
қуатқа толы, күш-жігерін және ақыл-ой қабілетін тез қалпына келтіре алады.

Жастардың
денсаулығы өмір салтына, әдетке байланысты. Жақсы әдеттер үйлесімді дамыған тұлғаны
қалыптастыруға көмектеседі, ал  зиянды әдеттер жеке тұлғаның қалыптасуына кедергі
келтіреді. Зиянды әдеттерге  күннің иррационалды тәртібі, нашар тамақтану, дене
белсенділігінің төмендігі жатады. Бірақ ең нашар әдеттер есірткі тұтыну, шылым тарту,
ішімдік ішу болып табылады. Бұл әдеттер адамның өмірін бұза алатын шегіне айналады.

Белгіленген уақытта Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының базасында эпидемиология, алдын алу
бөлімдерінің және Достық кабинетінің мамандарының «тікелей» телефон желілері
ұйымдастырылады:

-ұлдар мен қыздардың ұрпақты болу денсаулығын сақтау жөніндегі алдын
алу өмір салтын қалыптастыру бөлімінің эпидемиолог-дәрігер 2019ж. 2 сәуірде сағат
9.00-13.00 дейін 56-94-04 телефоны бойынша;

– АИТВ таралу жолдары мен тестілеу
жөніндегі эпидемиолог-дәрігер 2019ж. 3 сәуірде сағат 9.00-13.00 дейін 45-65-78 телефоны
бойынша;

-жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері мен тәуелділік мінез-құлқының
алдын алу бойынша психолог 2019 ж. 4 сәуірде сағат 9.00-13.00 дейін 51-07-82 телефоны
бойынша;

-жыныстық жолмен жіберілетін инфекциялардың (ЖЖЖИ) алдын алу бойынша
дерматовенеролог-дәрігер  2019ж. 5 сәуірде сағат 9.00-13.00 дейін 56-94-61