Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Медициналық қызметкерлерді АИТВ жұқпасы бойынша халыққа кеңес беруге оқыту.

2019 жылдың 4-6 наурыз аралығында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары (ОЖИТСО) Қордай ауданының медициналық қызметкерлеріне кеңестік-әдістемелік көмек көрсетті.Облыстық ЖИТС орталығының инфекционист-дәрігері Сметова Гүлмира Қордай аудандық емханасында диспансерлік есепте тұргандарға, АИТВ жұқпасымен өмір сүретін адамдарға диспансеризация жүргізді. Диспансеризациямен 85% қамтылды.Эпидемиолог-дәрігер Сара Дулатбаева Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ағымдағы бұйрығы бойынша медицина қызметкерлеріне дәріс өткізді.Алдын алу бөлімінің меңгерушісі Садыбекова Ғалия «Халық пен жастар арасында АИТВ/ЖИТС алдын алу. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек мамандары мен педагогтарға мектеп жағдайындағы халыққа және жасөспірімдерге психо-әлеуметтік көмек көрсету негіздері» тақырыбына оқыту семинар-тренингін өткізді. АИТВ жұқпасы туралы сауалнама жүргізілді. Алынған білімдер АИТВ жаңа оқиғаларын болдырмау үшін алдын алу шаралары мен тәсілдерін түсіндіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Тараз қаласындағы Кученев дәрігердің Емдеу орталығында өткен семинар.

 2019 жылы 5 наурызда Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері Дегтерева И.И. дәрігер Кученевтің Емдеу орталығында ДКЕО қызметкерлері үшін АИТВ алдын алу туралы семинар өткізді.

Эпидемиолог-дәрігер Дегтерева И.И. 90/90/90 Стратегиясының негізгі бөлімдеріне тоқталып, Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысындағы АИТВ індетін жұқтырудың эпидемиологиялық жағдайымен таныстырды. АИТВ, ВГС, ВГВ індетінің қаупімен байланысты төтенше жағдайларға, сондай-ақ медицина қызметкерлерін жұқтыру қаупін бағалауға ерекше көңіл бөлінді. Кәсіптік АИТВ жұқпасын болдырмау үшін, байланыстан кейінгі алдын алу, жазатайым оқиғалар болған жағдайда жарақаттарды журналда тіркеу, кейіннен облыстық ЖИТС орталығының мамандарының кеңесін алуға тыңдаушылардың назары аударылды.

Сөйлеу аяқталғаннан кейін, семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

 

 

«Кемсітушілікке жол бермеу» күніне белгіленген студенттермен кездесу

  2019 жылы 4 ақпанда Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының оқытушысы Жакенова Р.Х. ТИГУ университетінің студенттерімен кездесті. 1,2 курс студенттеріне АИТВ таралу жолдары, стигма мен кемсітушілік туралы айтылды. Қатысушыларға тіршілікте,  қоғамдық көлікте, қол алысу, сүю, түшкіру, жөтелу немесе азық-түлік тауарлары арқылы, ортақ бассейн, душ және дәретхана пайдалану, азық-түлік тауарлары арқылы АИТВ індетін жұқтыру мүмкін еместігі туралы түсіндірілді.

Оқушыларға кемсітушілік туралы.

1 наурыз «Кемсітушілікке жол бермеу» күніне орай Тараз қаласындағы №1 мектеп-гимназиясында 8 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес орталығының әлеуметтанушысы ( ОЖИТСО) Бегманова Мереке АИТВ таралу жолдары, стигма және кемсітушілік туралы әңгімелеп берді. Сыныпқа АИТВ жұқтырған жаңа оқушы пайда болған жағдайда, олар қалай әрекет ететіні туралы сұраққа жауап беріп, барлығы бұл фактіге назар аудармайтынын айтты

Бизнес-құрылымдардың жұмыс орындарындағы дәріс

Халықтың хабардарлығын арттыру үшін, өндірісте қызмет атқаратындарға кездесулер жұмыс орындарында ұйымдастырылады. ЖШС «Сенім» және ЖШС «Сұңқар» қызметкерлеріне Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары Мамедова Т. М. мен Аушенова Ж.Б. 1 наурыз күніне орай «Кемсітушілікке жол бермеу» тақырыбына дәріс берді. Қызметкерлер жыныстық қатынас арқылы АИТВ жұқпасы мәселелеріне қызығушылық танытты, жас қыздар маникюр, тату мен қан құю кезінде қан арқылы жұқтыру қаупі көбірек алаңдатты. Барлық сауалдарға толық жауап берілді.

№1 қалалық аумақтық емханада семинар өтті


2019 жылдың 28 ақпанында №1 ҚЕ мәжіліс залында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары АИТВ індетін жұқтырған науқастарды аурудың ерте кезеңдерінде белсенді түрде анықтау және АИТВ індетін жұқтырудың алдын алу мақсатында емхана қызметкерлеріне арналған семинар өткіз

Эпидемиолог-дәрігер Дулатбаева С.Ш. ҚР және Жамбыл облысы бойынша АИТВ індетін жұқтырудың эпидемиологиялық жағдайымен танысты. ҚР ДС және ӘД министрлігінің 2015 жылғы 23 маусымның №508 «Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша АИТВ тексеру үшін міндетті құпия медициналық сараптама ережесін бекіту туралы » бұйрығына сәйкес науқастарды тексерілуі толық талқыланды.Оппортунистік аурулармен ауыратындарды міндетті түрде құпия медициналық тексеруден өткізуге ерекше көңіл бөлініп, АИТВ індетін жұқтыру қаупі бар екені туралы ескертілді.

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының тәжірибесі мысалында алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету желісінің мамандары жіберген қателіктерінің нәтижесі ретінде, науқастарда АИТВ індетін кеш анықтауына әкелді. Медициналық манипуляциялар барысында АИТВ індетінің қаупімен байланысты төтенше жағдайлар модельдерін қарауға, сондай-ақ кәсіптік АИТВ жұқпасын болдырмау мәселелері егжей-тегжейлі қаралып, байланыстан кейінгі алдын алу, жазатайым оқиғалар болған жағдайда жарақаттарды журналда тіркеу, кейіннен облыстық ЖИТС орталығының мамандарының кеңесін алуға тыңдаушылардың назары аударылды.

 

Жамбыл облыстық онкологиялық диспансерінде өткен семинар

2019 жылдың 1 наурызында Жамбыл облыстық онкологиялық диспансерінің мәжіліс залында Жамбыл облыстық ЖИТС мамандары эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Калметова Г.А., эпидемиолог-дәрігер Ахметова Г.Т., емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі Ниязалиева Ф.А., ИФТ-зертхана меңгерушісі Каримова В.М. диспансер медицина қызметкерлеріне арнап семинар өткізді. Семинардың мақсаты – қатысушыларды АИТВ жұқпасының Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысында таралу деңгейімен, АИТВ жұқпасы бойынша жаңа нормативтік базасымен, АИТВ жұқпасына бейім контингенттерді тестілеу ережелерімен және кәсіптік жұқпалардың алдын алу әрекеттерімен таныстырды.

Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Қалметова Г.А. 2018 жылы Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысындағы АИТВ індетін жұқтырудың эпидемиологиялық жағдайымен таныстырды. ҚР ДС және ӘД министрлігінің 2015 жылғы 23 маусымның №508 «Клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша АИТВ тексеру үшін міндетті құпия медициналық сараптама ережесін бекіту туралы » бұйрығына сәйкес науқастарды тексеруге толығырақ тоқталды. Жоғары қауіпті топ медицина қызметкерлері арасында АИТВ жұқпасына еселігі бойынша тексеруге енгізілген өзгерістер туралы айтылды.

АИТВ, ВГС, ВГВ індетінің қаупімен байланысты төтенше жағдайлар модельдерін қарауға, сондай-ақ медицина қызметкерлерін жұқтыру қаупін бағалауға ерекше көңіл бөлінді. Кәсіптік АИТВ жұқпасын болдырмау үшін, байланыстан кейінгі алдын алу, жазатайым оқиғалар болған жағдайда жарақаттарды журналда тіркеу, кейіннен облыстық ЖИТС орталығының мамандарының кеңесін алуға тыңдаушылардың назары аударылды.

Баспасөз-хабарламасы 1 наурызда

Баспасөз – хабарламасы

Жамбыл облысының халқы үшін.

2019 жылғы 1 наурызда « Кемсітушілікке нөл » күніне орай «Ашық есік » Күні өткізіледі.

Ұйымдастырушы Жамбыл облысы ЖИТС алдын алу және онымен күрес орталығы.

Бүгін біз қандай мереке және неге ол жақында пайда болғаны туралы әңгімелеп береміз. « Кемсітушілікке нөл » пайда болуының бастаушысы АИТВ/ЖИТС бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Бірлескен бағдарламаларының басшылары. Кемсітушілік сөзі әртүрлі негіздерде, соның ішінде әлеуметтік, діни, нәсілдік, ұлттық, жыныстық және т.б. адам құқықтарының бұзылуын білдіретініне қарамастан, бұл күн АИТВ/ЖИТС науқастарына қатысты жаман көзқарасқа назар аударту үшін құрылған. Бұл науқастарды емдеу мәселелері ғана емес, сонымен қатар оларға деген қарым-қатынас туралы да сөз қозғалады. Өкінішке орай, көптеген елдерде АИТВ және ЖИТС жұқтырған адамдар халықтың көзқарасымен алапес секілді қабылданады. Аурудың симптомдары мен ерекшеліктерін білмеуі, жұқтырған адамдарға теріс, әдетте агрессивті және қатал көзқарас тудыратын қорқыныш және оларды оқшаулау тілегі пайда болады.

Іс-шара барысында облыстық ЖИТС орталығының қонақтары осы күні АИТВ және ЖИТС мәселелері бойынша қызығушылық тудыратын барлық сауалдар бойынша жұқпалы аурулар дәрігерлерінің, эпидемиологтардың, дерматовенерологтың және заңгердің тегін кеңесін ала алады. Иммундық-ферментті талдау (ИФТ) немесе экспресс әдісімен тегін тексерілуге болады. Стигма мен кемсітушілікті жеңу үшін, психоәлеуметтік кеңестерін және қауіпсіз мінез-құлықтың нақты әдістерін алуға мүмкіндік береді.

2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Жамбыл облысында АИТВ індетін жұқтырудың 1291 оқиғасы тіркелді.

Күні мен өткізу уақыты: 01 наурыз 2019 жылы 09:00-ден 18:00-ге дейін

Өткізу орны: Тараз қ., Төлеби көш.64 г

Байланысатын тұлға: алдын алу бөлімінің меңгерушісі— 8 707 547 65 05

Халықтың денсаулығын қорғау-медициналық мамандардың міндеті

2019 жылдың 26 ақпанында АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша Департамент және Жамбыл облысы бойынша Қоғамдық денсаулық қорғау басқармасы мамандарына семинар өткізілді. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығындығы АИТВ індетін жұқтырған және ЖИТС ауыратын науқастарға емдеу-алдын алу  көмек көрсету бөлімінің бастығы Ниязалиева Фируза ЖИТС ауыратын науқастардың  клиникасы және емдеу нұсқаулары туралы хабардар етті. Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологы Цзи Александр Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы, АИТВ тестілеу түрлері туралы әңгімеледі. Сұрақ: халықтың қандай санаттары АИТВ тестілеуге жатады, қандай мәселелерді шешу керек және басқа сауалдар бойынша түсініктемелер толық көлемде берілді. Қоғамдық денсаулық қорғау басқармасы бастығының орынбасары Рахимов Күмісбек АИТВ жұқпасын алдын алу шараларды жүргізуде мамандардың алған білімдерінің маңыздылығын атап өтті.

 

8-10 сынып оқушыларын АИТВ – мен таныстыру

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы тұрақты түрде АИТВ індеті туралы 8-10 сынып оқушыларына дәрістер өткізеді. Жас ұрпаққа  неғұрлым жиі және уақтылы АИТВ туралы хабарланатын болса, оларды індеттен қорғау мүмкіндігі әлдеқайда көп болады. Облыстық ЖИТС орталығының мамандары Бегманова М., Мамедова Т., Аушенова Ж. оқушыларға қол жетімді түрде АИТВ және ЖИТС таралу жолдары мен алдын алу шаралары, нашақорлық және оның АИТВ жұқпасына әсері  туралы түсінік берді. Мектеп психологтарымен бірлесіп, АИТВ туралы білімдерін анықтайтын сауалнама жүргізді. Сауалнама  АИТВ туралы ең маңызды мәселелері қамтылған 7 сұрақтан тұрады. Жасөспірімдердің толтырған сауалнамаларын талдауына жүгінсек, қан арқылы АИТВ індетін жұқтыру мүмкін екендігін білмейді.  Мысалы, олардың көбісі маса шаққаннан жұғады деп ойлайды. Барлық дұрыс емес түсініктер міндетті түрде түзетілді.

№38 ОМ22.02.2019ж

 

№ 25 ОМ 20.02.2019ж

№47 ОМ.19.02.2019ж.

№36 ОМ 21.02.2019ж.

№26 ОМ 21.02.2019ж.

№42 ОМ 22.02. 2019ж.

№12 ОМ 20.02.2019ж.

№ 12 ОМ 22.02.2019ж