Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

АИТВ-мен өмір сүретіндерге арналған науқастар мектебі

2018 жылдың мамыр айында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығында АИТВ-мен өмір сүретіндерге арналған науқастар мектебінің екі күндік семинар-тренингі өткізілді. Рамиль Оспанович Перзадаевтың басшылығымен «Тараз Анти ВИЧ» ҮЕҰ науқастар мектебін өткізу үшін АИТВ-мен өмір сүретін 15 адам қатысты, оның ішінде АИТВ статусы бар аутрич-қызметкерлер. Семинардың мақсаты: АРТ емдеу бойынша жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және жеке бейілділігі, емделу қағидалары, АИТВ-жұқтырылғандар мен ЖИТС науқастарына қалыпты көзқарасты қалыптастыру. Сонымен қатар сақтандыру медицинасының мәселелері, иммунды статусты анықтау мәні, вирустық жүктеме, аралас инфекциялар жайында әңгіме қозғалды. АИТВ-мен өмір сүретін Великоборец Оксана өз сөзінде АИТВ-мен өмір сүретіндерге қатысты таңбалау мен кемсітушілік жағдайлары және оларды жою қағидалары жайында айтты.

АИТВ-мен өмір сүретіндер аллеясы

2018 жылдың 15 мамырында ЖИТС-тен қаза болғандарды Халықаралық еске алу күніне орай Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының аумағына он жеміс ағаштары (алма, алмұрт) отырғызылды. Іс-шараға «Траза Анти ВИЧ» ҮЕҰ-ның аутрич-қызметкерлері мен науқастар мектебінің АИТВ-мен өмір сүретін тұлғалары қатысты. ҮЕҰ басшысы Перзадаев Рамиль қатысушылар мен АИТВ-ға байланысты туыстары мен жақындарынан ажыраған адамдарға алғыс білдірді. Барлық ағаштардың бұтақтарына аза тұту және еске алу белгісі ретінде қызыл ленталар байланды.

Ауылдық жерлерде АИТВ/ЖИТС-тің алдын алуды ұйымдастыру

Жамбыл облысының аудандарында АИТВ-инфекциясының тіркелуіне байланысты облыстық ЖИТС орталығының мамандары халық арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетіп, кеңес беруге шығады. Жуалы ауданының орталық ауруханасында қаралған негізгі мәселелер: АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу, кәсіби жұқтырудың алдын алу, АИТВ-ға тексерілу, АИТВ/ЖИТС бойынша нормативті-құқықпен таныстыру. БМСК және ОАА алдын алу бөлімдерінде, СӨС кабинеттері мен жастар денсаулық орталықтарында халық пен жастар арасында алдын алу іс-шаралары қаралды. ҚР ДСМ мониторинг және АИТВ-ны бағалау бойынша № 64 бұйрығына баса назар аударылды. Теледидардан дайындалған бейне және аудио материалдар көрсетілді. Сонымен қатар, медицина қызметкерлеріне ҚР мен Жамбыл облысында АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай жайында ақпарат берілді.

АИТВ, есірткі, ішімдік.

Өскелең ұрпақ – мемлекет негізі, сондықтан оларды өз өміріне, туыстары мен жақындарының денсаулықтарына жауаптылықпен қарауға тәрбиелеу – медицина қызметкерлерінің басты мақсаты болып табылады. Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін Тараз қаласының № 7 мектеп-гимназиясында оныншы сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. Ұйымдастырушы – директордың тәрбие жұмысы және құқықтық қорғау ісі бойынша орынбасары – Гүлнар Райкулова. Кездесуде «Жастар» облыстық жастар орталығының психологы Ақерке Талғатқызы есірткі мен ішімдіктің денсаулықққа зияны және оларды шешу жолдары жайында айтты. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының педагогы Рахима Жакенова АИТВ жұқтыруға себеп болатын мінез-құлықтың қауіпті жақтары жайында ақпарат берді. «АИТВ жайында қарапайым тілде» атты бейнебаян көрсетіліп, бүктемелер таратылды. Дәріске дейін және дәріске дейін АИТВ/ЖИТС жайында білім деңгейіне сауалнамалар жүргізілді.

Тараз бизнесмендеріне арналған алдын алу семинары

Тараз қаласының бизнес-құрылымдары өкілдеріне арналған ақпараттық семинар Жамбыл облысы Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті Тараз қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау бөлімінде 25 сәуір күні өткізілді. Әртүрлі салалардың қатысушы өкілдері Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандарымен және Жамбыл облыстық денсаулықты сақтау департаменті қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының қызметкерлерімен дайындалған баяндамаларды тыңдады.

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы алдын алу бөлімінің меңгерушісі Садыбекова Ғ.Ү. ҚР мен Жамбыл облысындағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берді. Ол індет көрсеткіштеріне қатысты өзекті мәселелерді тілге тиек етіп, вирустың кең таралған жұғу жолдарына баса назар аудара отырып, қауіпті мінез-құлық топтарына сипаттама берді.

– Мәселенің өзектілігі – АИТВ жұқтырған адамдар саны, ішінде кәсіпкерлер қатары күннен-күнге ұлғайып келеді, – деді баяндамашы. – Сондықтан Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы белсенді түсіндірмелік жұмысты үздіксіз жүргізіп келеді. Жыл басынан бері алдын алу бөлімінің мамандары 20 ірі бизнес-құрылымның, 38 орта және 63 кіші кәсіпкерлік ұйымдардың ұжымдарымен кездесу ұйымдастырды.

Сосын «АИТВ мен ЖИТС-тің бизнеске әсері. ДЭФ ЖБИ» тақырыбының тұсаукесері болып өтті, онда Ғалия Садыбекова кәсіпкерлерге бәсекеге қабілеттілік индексы ұғымына түсінік беріп, Қазақстанның да әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингіне қатысатынын, ондағы міндетті сын-пікірлердің бірі – «АИТВ мен ЖИТС-тің бизнеске әсері» болып табылатынын атап айтты. Семинар барысында қатысушыларға «АИТВ мен ЖИТС-тің бизнеске әсері» көрсеткіші бойынша ДЭФ сауалнамаларын сауатты толтыру жөнінде егжей-тегжейлі түсіндірілді.

– АИТВ мен ЖИТС бойынша статистикалық мәліметтер үнемі өзгеріп отырады, – деді Тараз қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау бөлімінің басшысы Ринат Жунискулов, – демек түсіндірмелік жұмыстар жүйелі түрде және халықтың әртүрлі санаттарына жүргізіліп, індетке төтеп беру үшін терең және ауқымды ақпаратпен қамтамасыз етілуі тиіс.

АИТВ-ны бірігіп жеңеміз!

2018 жылдың 19 наурызында жоғары оқу орындарының білімгерлерін АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша едәуір қамту мақсатында «АИТВ-ны бірігіп жеңеміз!» атты акция өткізілді. ТарМУ-дың «Технология», «Экономика және бизнес», «Ғылыми-гуманитарлық социология», «Ақпараттық технология» факультеттерінің 1-2-3 курс студенттеріне Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының наркологтары, акушер-гинекологтары, педагогы дәріс оқыды. Мамандар АИТВ-инфекциясының мінез-құлықтан туындайтын індет екендігін, оның таралу жолдары мен алдын алу шараларын білмеу – осы індетке әкеп соқтыратынын түсіндірді. Ілеспе аурулар да жұқтыру қаупін төндіруі мүмкін. «АИТВ туралы не білу керек?» атты бейнебаян көрсетілді.

2017 жылы және 2018 жылдың 1 тоқсанында ҚР мен Жамбыл облысында АИТВ-індетінің таралу деңгейі. АИТВ-инфекциясы бойынша нормативті-құқықтық негіз. АИТВ-инфекциясын кәсіби жұқтырудың алдын алу.

Дәрігер эпидемиолог Калметова Г.А. 2017 жылдың 12 айында ҚР мен Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдаймен, 2018 жылдың 1 тоқсанында АИТВ-ның жас ерекшелік құрамы, жынысы, әлеуметтік жағдайы бойынша таралу деңгейімен таныстырды. Сонымен қатар облыс аудандары бойынша таралуы жайында ақпарат берді. Таралу жолдары бойынша АИТВ мен ЖИТС-тің алдын алуға баса назар аударылды.

Жастар АИТВ жайында не біледі?

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті су шаруашылығы факультетінің 1-2 курс білімгерлеріне АИТВ-инфекциясы жайында дәріс оқылды. Облыстық ЖИТС орталығының педагогы Жакенова Рахима АИТВ-ның таралу жолдары мен алдын алу шаралары, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты таңбалау мен кемсітушілік жағдайлары жайында айтты. Нарколог дәрігер Надыркулов Жұмағали есірткінің адам ағзасына тигізетін залалы мен оның салдары, алдын алу шаралары жайында айтты. «Жігер» жастар денсаулық орталығының дерматологы Нұрбек Бахытұлы мен акушер-гинекологы Адимова Шахноза жыныстық жолмен берілетін кең таралған инфекциялар мен олардың белгілері, емделуі және АИТВ-ны жұқтыру қаупі жайында ақпарат берді. АИТВ туралы бүктемелер таратылып, АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы бейнебаян көрсетілді.

 

АИТВ жайында нақты ақпарат

Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, БАҚ арқылы нақты ақпаратты жете білмейтін адамдар үшін АИТВ-ның тағам өнімдері (Қытайдан, Ливиядан және т.б. елдерден тасымалданатын банан, тауық еті, шұжық, пепси және т.б.) арқылы таралуы жайында жалған ақпараттар (фейктер, пранктар) жиі таралып жүр.

Естеріңізде болсын:

АИТВ мына жолдармен берілмейді:

  • қол алысқанда
  • жөтелгенде, түшкіргенде
  • бассейнге, хауызға түскенде, әжетханаға барғанда
  • жәндіктер шаққанда
  • сүйіскенде
  • ыдыс, киім-кешек, төсек-орын арқылы
  • үй жануарларымен байланыс кезінде
  • кез келген тағам өнімдері арқылы

АИТВ үш жолмен таралады:

  • жыныстық — гетеросексуалды және гомосексуалды қатынастар кезінде
  • ас қорыту жолдарынан тыс — тері, шырышты қабаттардың бүтіндігі бұзылған кезде қанмен және оның құрамдастарымен
  • перинаталдық — анадан балаға — босанғанға дейін, босану кезінде және босанғаннан кейін

Жыныстық жолмен берілу

Қорғалмаған (мүшеқапсыз) әрбір жыныстық қатынас серіктесіне жұқтыру қаупін төндіреді.

Вирустың қан арқылы берілуі (ас қорыту жолдарынан тыс)

Егер АИТВ-жұқтырылған адамның қаны үшкір құралға жұғып, тері жамылғысының бүтіндігін бұзған кезде таралады. Бұл ине, шприц, ұстара мен денені әшекейлеу құралдарын пайдаланған кезде болуы мүмкін. Стерильденбеген кез келген үшкір құрал инфекцияны тарату құралы болып табылуы мүмкін. Жұқтырудың бұл жолы бір рет болса да жұқтырылған «лас» шприцті қолданған инъекциялық есірткі тұтынушы тұлғаларға (ИЕТТ) тән.

Вирустың анадан балаға берілуі (перинаталды жолы)

Вирустың анадан балаға жүктілік кезінде, босану кезінде (ана қаны арқылы жұқтыру) және емізген кезде (жұқтырылған анадан сау балаға емшек сүті арқылы, сондай-ақ жұқтырылған баладан анаға ему кезінде) берілуі мүмкін.

Нақты АИТВ туралы

Әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы расталған, нақты ақпараттары жоқ адамдарға лайықталған азық-түлік тағамдары (банандар, тауық еті, шұжық, пепси және Қытай, Ливия мен т.б. елдерден әкелінген басқа да өнімдер) арқылы АИТВ-ның таралуы сияқты жалған, мағынасыз жіберілімдер (фэйктер, пранктер) СМС түрінде таратылуда.
Өтініш, есте ұстаңыз:
АИТВ жұқпайды:
· қол алысқанда
· жөтелгенде, түшкіргенде
· бассейн, монша, әжетханаға барғанда
· жәндіктер шағып алғанда
· достық сүйісулер арқылы
· ыдыс, киім, төсек әбзелдері арқылы
· үй жануарларымен қарым-қатынаста болғанда
· азық-түлік арқылы
АИТВ-ның берілу жолының үш түрі бар:
· жыныстық — гетеросексуальды және гомосексуальды қатынастар кезінде
· парентеральды — қанмен және оның құрауыштарымен шырышты қабықтың, терінің тұтастығы бұзылған жағдайда
· перинатальды — анадан балаға — босануға дейін, босану кезінде және босанудан кейінгі кезеңдерде
Жыныстық жолмен берілуі
Сақтану шараларынсыз (яғни, презервативсіз) өткен жыныстық қатынас дені сау серіктесіне індетті жұқтыру қауіпін тудырады.
Вирустың қан арқылы берілуі (парентеральді жол)
Егер жұқтырылған адам қанының жұғындысы бар аспаппен тері қабаты тұтастығын бұзып алған жағдайда жұғады. Ол инені, шприцтерді, сақал қырғышты қолдану кезінде, таңба енгізу барысындаболуы мүмкін. Кез — келген стерилизациядан өткізбеген піскіш аспаптарды қолданған жағдайда, олар жұқтыру құралы болуы мүмкін. Жұқтырудың бұл жолы иньекциялық есірткіні тұтынушылар (ИЕТ) үшін және кем дегенде бір реет есірткіні тамыр арқылы «лас» шприцпен енгізген жағдайда жұқтырудың жетекші жолы болып табылады.
Вирустың анадан балаға берілуі (перинатальды жол)
Вирустың берілуі анадан балаға жүктілік, босану (ана қаны арқылы жұғу) және көкіректен тамақтандыру кезінде (жұқтырған анадан дені сау балаға көкірек сүті арқылы да, жұқтырған баладан денісау анаға көкірегін тістеу кезінде де) орын алады.