Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жастар және АИТВ

12 сәуір күні Тараз қаласы № 18 орта мектептің 9-10 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. Ұйымдастырушы – директордың тәрбие жөніндегі және құқық бұзушылық бойынша орынбасары Воронин А.С. Облыстық ЖИТС орталығының педагогы Жакенова Рахима АИТВ-ның таралу жолдары мен алдын алу, қоғамда АИТВ-жұқтырылғандарды таңбалау мен кемсітушілік жағдайлары туралы айтты. Облыстық наркологиялық диспансердің психологы Абдрасилова Лаззат есірткінің адам ағзасына тигізетін әсері мен оның АИТВ-инфекциясын жұқтырудың қаупі туралы айтты. Оқушылар осы уақытқа дейін дәрі-дәрмектердің неліктен жоқтығы, ауру белгілері және тест тапсыру түрлері жайында сұрақтар қойды. Барлық сұрақтарға нақты әрі толық жауаптар берілді. Бүктемелер таратылып, «АИТВ жайында не білу керек?» атты бейнебаян көрсетілді.

 

2017 жылдың 12 айында ҚР және Жамбыл облысында АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай. АИТВ-ға тест тапсыру қағидалары. АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу.

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары (эпидемиолог дәрігер Калметова Г.А. және емдеу бөлімінің инфекционист дәрігері Байдаулетова Г.Т.) 05.04.2018ж. сағат 14.00-де Тараз қаласының облыстық балалар ауруханасында «2017 жылдың 12 айында ҚР мен Жамбыл облысында АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай. АИТВ-ға тест тапсыру қағидалары. АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға ОБА-ның 80 медицина қызметкері қатысты.

АИТВ инфекциясының бар болуына клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша медициналық зерттеп-қарау мақсаттары:
1) АИТВ инфекциясының диагнозын қою;
2) АИТВ инфекциясының берілуінің тік және басқа да ықтимал жолдарының профилактикасы;
3) трансплантация және жасушалық технологиялардың инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) эпидемиологиялық мониторинг өткізу: эпидемияны болжау үшін халықтың жекелеген топтары арасында АИТВ инфекциясының таралу деңгейін бағалау, профилактикалық іс-шараларды әзірлеу және олардың тиімділігін бағалау болып табылады.

Семинарға қатысушыларды АИТВ-індетінің таралуы, кездейсоқ жұқтырып алу мүмкіндігі, АРТ нәтижесі сынды біршама сауалдар қызықтырды. Барлық сауалдарға толық, әрі нақты жауаптар берілді.

Өскелең ұрпақ – АИТВ-ның алдын алу «ҮШІН»

Ағымдағы жылдың 4-5 сәуір күндері Тараз қаласының №№ 7, 11 орта мектептерінің оқушыларымен «Өскелең ұрпақ – АИТВ-ның алдын алу «ҮШІН» атты тақырыпта дөңгелек үстелдер өткізілді. Кездесулерде облыстық ЖИТС орталығының маманынан басқа облыстық наркологиялық диспансердің нарколог дәрігері Абдибергенов Б.М. қатысты, ол есірткі тұтынудың зияны мен оның адам ағзасы мен болашағына тигізетін кері әсерлері туралы айтты. Облыстық ЖИТС орталығының педагогы Жакенова Рахима АИТВ-ның алдын алу мәселелеріне тоқталды. Оқушыларға АИТВ-ның белгілері, емі мен тест тапсыру түрлері жайында сауалдар қойылды. «АИТВ туралы Сіз білуіңіз тиіс» атты бейнебаян көрсетілді.

Қоғам мен АИТВ

2018 жылдың 3 сәуір күні «Қоғам мен АИТВ» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының педагогы Жакенова Рахима 1-2 курс білімгерлеріне АИТВ мен ЖИТС ұғымдарына түсінік беріп, таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы ақпарат берді. Әсіресе қоғамда АИТВ-жұқтырылғандарды таңбалау мен кемсіту жағдайлары мен олардың себептеріне баса назар аударылды. Наркопосттың басшысы Момынжанова Гүлнұр кез келген есірткі түрін тұтынудың адам денсаулығына, тіпті жалпы өміріне тигізетін кері әсері жайында сөз қозғады. Спикерлер жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. АИТВ/ЖИТС бойынша бүктемелер таратылды.

Жамбыл облыстық «Ана мен бала» оңалту орталығында өткен семинар

Дәрігер эпидемиолог Калметова Г.А. қатысушыларды 2017 жылы ҚР мен Жамбыл облысындағы АИТВ-індеті бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. 2016 жылмен салыстырғанда АИТВ-індеті 22 жағдайға төмендеген, 2017 жылғы 62 жағдай 2016 жылғы 84 жағдайға қарсы. Анықталған жағдайлардың мәліметтері таралу жолдарымен, әлеуметтік статусымен, жас ерекшеліктерімен, гендерлік құрамымен Жамбыл облысы бойынша да, ҚР бойынша ұсынылды.

Сонымен қатар ол АИТВ-індетінің алдын алудың негізгі шараларын атап айтты, таралу жолдары мен алдын алу іс-шараларын жүргізу мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ АИТВ-індетінің жұқтыру жолдарына мысалдар келтірілді.

Л.Н.Спивачевская байланыстан кейінгі терапияға және АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілу жолдарына тоқталоды. Жамбыл облысында жүктілер мен балалар арасындағы эпидемиологиялық жағдай жайында ақпарат берілді.

Алдын алу іс-шараларын жүргізуге қатысты ұйымдардың медицина қызметкерлерінің барлық сауалдарына нақты әрі толық жауаптар берілді.

Медицина қызметкерлеріне арналған облыстық семинар

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығында АИТВ-инфекциясына жауапты медицина қызметкерлеріне арналған дәстүрлі облыстық семинар болып өтті. Биылғы жылы оған облыстық БМСК мен ЕҰ медицина қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар Жамбыл облысының ІІД қызметкерлері мен Қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің мамандары да қатысты.

Дәстүрлі облыстық семинардың тақырыбы жылдан жылға өзгеріп отырғанмен, медицина қызметкерлерінің арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселесі өзгермейді.

Облыстық ЖИТС орталығы алдын алу бөлімінің меңгерушісі Ғалия Садыбекованың айтуы бойынша Денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығына сәйкес бүгінгі таңда әрбір медициналық мекемеде АИТВ мен ЖИТС-ке жауапты тұлға тағайындалып, бірқатар міндеттемелер жүктелген.

Семинар барысында теориялық та, тәжірибелік те мәселелер талқыланды, онда өңірдегі эпидемиологиялық жағдай, медицина қызметкерлерінің арасындағы науқаспен байланыстан кейінгі, донорлық қан құю, қан алу және жеткізу кезінде алдын алу шараларыталқыланды. Сонымен қатар жыл қорытындысы шығарылып, атқарылған жұмыстарға талдау жасалып, орын алған кемшіліктер талқыланып, сәйкес ұсынымдар ұсынылды. Қорытындысында алдағы жылға қойылған жалпы міндеттер жобасы өңделді.

– Облыстық орталық жыл сайын мәнді де, мағыналы семинарлар өткізіп, жаңа ақпараттар беріп тұрады, – деді № 6 қалалық емхананың эпидемиолог-дәрігері Юлия Вышпольская. –Ол аяқталған соң біз өз мекемеміздегі жұмыс орындарымызда оқыту әдістері бойынша түсіндірмелік семинарлар өткіземіз. Бұл медицина қызметкерлерінің үнемі сақтықта болуы үшін аса маңызды. Әрине, ЖИТС орталығының мамандары кез келген уақытта кез келген мәселенің шешімін тауып, өзекті сұрақтарға толық жауап беруге дайын.

Жасөспірімдер арасында АИТВ-ның алдын алу бойынша жұмыс

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының педагогы Рахима Жакенова № 54 орта мектеп пен Ж.Жамбаев атындағы № 5 мектеп-гимназиясының жоғарығы сынып оқушыларымен «АИТВ мәселелері және оның алдын алу шаралары» атты тақырыпты кездесу өткізді. Алғы сөз басында № 5 гимназия директорының құқықтық тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Нұрлан Ноғайбаев АИТВ ауруыының өзектілігі мен салауатты өмір салтын ұстану қажеттіліктерін айтып өтті. № 54 орта мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Айдын Мейрамов ЖИТС орталығы маманының ақпаратын мұқият тыңдап, ата-аналар мен ересектерге қоя алмайтын көкейдегі сауалдарына жауап алуды ұсынды. Балалармен АИТВ жұқтыру қаупін тудыратын жыныстық тәрбие жөнінде де бірқатар мәселелер талқыланды.

«Кемсітушілікке жол жоқ!» күні

БҰҰ шешімі бойынша 2014 жылдан бері 1 наурыз күні «Кемсітушілікке жол жоқ!» жаңа мерекесі аталып өтеді. Кемсітушілік – қазіргі ұғымда әртүрлі белгілері (әлеуметтік, діни, ұлттық, жыныстық және т.б.) бойынша адам құқығына нұқсан келтіру үшін қолданылады және әртүрлі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін. Кемсітушілік әлем бойынша миллиондаған, әсіресе АИТВ және ЖИТС мәселелеріне қатысы бар адамдардың өміріне ықпал етіп келеді. Мәселе науқастарды емдеуде ғана емес, сонымен қатар айналасындағылардың осы аурудың белгілері мен ерекшеліктерінбілмеуі дені сау адамның үрейін туғызады. Осы үрей АИТВ-жұқтырылғандар мен ЖИТС науқастарына деген көзқарасты өзгертіп, жиіркенішпен қарап, жұқтырылған адамдарды оқшаулауға талпыныс жасап, оларды қажетсіз санауға ой тудырады. Осының бәрі науқастардың медициналық тексерілуіне шектеу қойып, олардың емделуіне кері ықпалын тигізеді. «Сен жалғыз емессің» Кампаниясының басты міндеті – АИТВ-індетіне шалдыққан балалар мен отбасыларға қатысты таңбалаумен және кемсітушілікпен күрес, олар статустарын тіпті өз туыстарынан жасырып, үреймен өмір сүреді. Кампания әр адамға АИТВ-статусына немесе Кампанияның #сенЖАЛҒЫЗемессің# YouAreNotAlone/ буллинг хэштегіне байланысты өз көзқарасын өзгертуге мүмкіндік береді.

Жамбыл облыстық ауруханасындағы семинар-тренинг

Семинар-тренингте 23.06.2015ж. № 508 «Клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша адамдарды АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес халықты АИТВ-инфекциясына скрининг мәселелері қозғалды. Дәрігер-эпидемиолог науқастың қанын не үшін алу қажеттілігіне егжей-тегжейлі тоқталды. Қысқаша психоәлеуметтік кеңес беру ем-шара кабинетінің немесе психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің мамандарымен жүзеге асырылуы тиіс. Науқастың АИТВ-ға тексерілуі жайында ақпараттылығы мен тексеру қорытындысын білу – АИТВ/ЖИТС індетіне қарсы тұруға мүмкіндік береді.

Қатысушыларды белгісіз АИТВ-статусы бар науқастармен қатынастан кейінгі қызметкердің ары қарайғы әрекеті туралы мәселелер қызықтырды.

Алдын алу бағдарламаларына кедергі келтіріп, індеттің таралуына жол беретін АИТВ-диссиденттері (АИТВ-инфекциясының барын мойындаудан бас тартқан адамдар) туралы мәселелер қаралды.

Жек көру емес – түсіну

АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға түсіністікпен қарау – жастарды АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу мәселелері бойынша оқытудағы басты міндет

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары жоғары сынып оқушыларына кемсітушілік жайында дәрістер оқиды. Орталық социологы Бегманова М.С. таңбалау мен кемсітушілік ұғымы жайында ақпарат береді. Түсінбеушілік салдарынан кемсітушілік пен жұқтырып алу үрейі орын алады. Қоғамдағы кемсітушілікті түп-тамырымен жою – қоғамның және әр адамның өз қолында. Еліміздің әрбір азаматы, оның ішінде АИТВ-жұқтырылған адам сапалы медициналық қызмет алуға құқылы. Дер кезінде басталған ем ұзақ және сапалы өмір сүруге мүмкіндік береді. ЖИТС орталығы басшылыққа білім беру жүйесіндегі оқыту бағдарламаларының қодауына өз алғысын білдіреді. Дені сау ұрпақ – дені сау ұлт.