Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасының Жол картасын жүзеге асыру шеңберінде АИТВ алдын алу мәселелері бойынша медициналық қызметкерлерін оқыту барысында Шу ауданына әдістемелік көмек көрсетілді.«Халық арасында АИТВ/ЖИТС алдын алу және алғашқы медициналық көмек көрсету жағдайында психологиялық-әлеуметтік кеңес беру негіздері» тақырыбында өткізілген семинар-тренингке Төле би кентінің аудандық медицина қызметкерлері және Шу қаласының АДА, ФАП, МП қатысты. ОЖИТСО мамандары Садыбекова Г. мен Жакенова Р. қатысушыларға психологиялық-әдістемелік көмек беруге қажетті негізгі ақпарат берілді. Қатысушылардың АИТВ туралы білімдерін анықтайтын сауалнама жүргізіліп (алдын ала және кейін), ситуациялық тапсырмалар берілді. Шағын топтарда мәселелерді шешу барысында психологиялық-әдістемелік көмек көрсетілді. АИТВ/ЖИТС алдын алудағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін мекемелердің рөлі өте зор, себебі халықты тұрғылықты жер бойынша ең көп қамту мүмкіндігі бар.