Мектеп жағдайында АИТВ-ның алдын алу сұрақтарымен Жамбыл ауданы педагогтарын оқыту бойынша 09.112018ж. семинар-тренинг өткізілді. Жамбыл ауданы білім бөлімінің қолдауымен семинардың алдында Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің жоғары сынып оқушылары үшін «Жастар арасында АИТВ-ның алдын алу» тақырыбында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының педагогі Р. Жакенова дәріс оқыды. Семинар-тренингке ауданның 27 мектебінен педагогтар, психологтар және әлеуметтік педагогтар қатысты. Семинарда АИТВ-мен өмір сүретін адамдар жайында, оларға деген көзқарас, кемсітушілік туралы тақырып көтерілді. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының профилактика бөлімінің меңгерушісі Ғалия Садыбекова Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысында АИТВ бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы және алдын алу шаралары, таралу жолдары мен мәселенің өзектілігі жөнінде ақпарат берді. Тренингте қатысушыларды топтарға бөліп бағдарламаға сәйкес тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. Өткізілген іс-шараның кәсіби қажеттілікке сәйкес, берілген ақпараттардың пайдалы екендігі айтылды.