Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жамбыл облысының сенім пункттеріндегі жаңа жұмыс стратегиясы

2020 жылдың 23 қаңтарында Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығында Тараз қаласының емханалары жанындағы 6 стационарлық сенім пунктері және Облыстық ЖИТС орталығының жанындағы жылжымалы сенім пунктерінің мамандарының қатысуымен жиналыс өтті.
Кездесуде халықтың негізгі топтары арасында, атап айтқанда инъекциялық есірткіні тұтынушылар арасында алдын алу бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша 2019 жылғы қорытынды жасалды.
ИЕТ алдын алу бағдарламаларымен қамтылуын арттыру мақсатында бұрын пайдаланылмаған учаскелік медицина қызметкерлері мен наркологтармен жұмыс жасаудың жаңа әдістері талқыланды, еріктілерді тарту мәселелеріне көңіл бөлінді, ИЕТ байланыста болған адамдарды АИТВ-ға тексерулердің, есеп беру мәліметтерінің сапасы қарастырылды. Кездесу соңында ағымдағы жылға ұсыныстар берілді.