М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті су шаруашылығы факультетінің 1-2 курс білімгерлеріне АИТВ-инфекциясы жайында дәріс оқылды. Облыстық ЖИТС орталығының педагогы Жакенова Рахима АИТВ-ның таралу жолдары мен алдын алу шаралары, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты таңбалау мен кемсітушілік жағдайлары жайында айтты. Нарколог дәрігер Надыркулов Жұмағали есірткінің адам ағзасына тигізетін залалы мен оның салдары, алдын алу шаралары жайында айтты. «Жігер» жастар денсаулық орталығының дерматологы Нұрбек Бахытұлы мен акушер-гинекологы Адимова Шахноза жыныстық жолмен берілетін кең таралған инфекциялар мен олардың белгілері, емделуі және АИТВ-ны жұқтыру қаупі жайында ақпарат берді. АИТВ туралы бүктемелер таратылып, АИТВ-инфекциясының алдын алу туралы бейнебаян көрсетілді.