2020 жылдың 12 наурызында Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының әлеуметтанушысы М. С. Бегманова № 54 мектептің 9-10 сынып оқушыларына дәріс оқыды . Дәріскер АИТВ/ЖИТС дегеніміз не, Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысында берілу жолдары, алдын алу шаралары, эпидемиологиялық жағдай туралы айтты. Оқушылар АИТВ-инфекциясының берілу жолдары туралы сұрақтар қойды.