Жамбыл облыстық перинаталдық орталықта АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын бойынша медицина қызметкерлеріне арналған семинар болып өтті.
АИТВ-ның алдын алу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес 16.08.2018ж. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы мен Жамбыл облыстық перинаталдық орталық “АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу” тақырыбында бірлескен семинар өткізді. Облыстық ЖИТС орталығының мамандары Дулатбаева С.Ш. және Темирбекова Г.К. акушерлік-гинекологиялық және педиатрия саласының медицина қызметкерлеріне жүкті әйелдердің АИТВ-ға тест тапсыруы, АИТВ-жұқтырылған әйелдер мен олардың сәбилеріне стационарлық көмекті ұйымдастыру, босандыру тәсілдерін жүргізу, ана мен баланың АРТ профилактикасы жайында айтты. Сондай-ақ ҚР мен Жамбыл облысындағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, кәсіби міндеттерін орындау кезінде медицина қызметкерлерінің АИТВ, ВГС, ВГВ жұқтыру қаупіне байланысты апат жағдайлары талқыланды.