2019 жылы 5 сәуірде Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы (әрі қарай ОЖИТСО) Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты басқармасымен (әрі қарай Басқарма) бірлесе отырып, Жамбыл жоғары политехникалық колледж студенттерімен «Тәрбие бастауы – отбасы» тақырыбына кездесу өткізді. Басқарманың бас маманы Бахтияр-ұлы Талас жастардың қоғамның қозғаушы күші ретінде әртүрлі салаларда мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды жалғастыруы, өз салаларында үздік маман болуы тиіс екендігін атап өтті. Жастар қауіпсіз сексуалды мінез-құлық, қажетсіз жүктілік сияқты жағымсыз көріністерге үлкен жауапкершілікпен қарауға тиіс.
Тараз қаласының орталық мешітінің басты имамы Ахметов Ғазиз исламның отбасылық құндылықтары туралы, аға ұрпаққа құрмет көрсету туралы ескертті. ОЖИТСО дәріскері Жакенова Рахима жастардың ұрпақты болуы ата-аналардың денсаулығынан басталатынын, АИТВ мінез-құлық індеті екендігіне аса назар аударды.