2019 жылдың 26 ақпанында АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша Департамент және Жамбыл облысы бойынша Қоғамдық денсаулық қорғау басқармасы мамандарына семинар өткізілді. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығындығы АИТВ індетін жұқтырған және ЖИТС ауыратын науқастарға емдеу-алдын алу көмек көрсету бөлімінің бастығы Ниязалиева Фируза ЖИТС ауыратын науқастардың клиникасы және емдеу нұсқаулары туралы хабардар етті. Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологы Цзи Александр Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы, АИТВ тестілеу түрлері туралы әңгімеледі. Сұрақ: халықтың қандай санаттары АИТВ тестілеуге жатады, қандай мәселелерді шешу керек және басқа сауалдар бойынша түсініктемелер толық көлемде берілді. Қоғамдық денсаулық қорғау басқармасы бастығының орынбасары Рахимов Күмісбек АИТВ жұқпасын алдын алу шараларды жүргізуде мамандардың алған білімдерінің маңыздылығын атап өтті.