2024 жылдың 12 қарашасында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер эпидемиолог И.М. Досымова және эпидемиолог көмекшісі А.А. Кокибаева № 4 орта мектеп оқушыларына “Адам құқықтары жолында-дұрыс жолды таңдаңыз!” және “ АИТВ инфекциясы мен ерте жүктіліктің алдын алу “ тақырыбында дәріс оқыды.
Дәрістің мақсаты АИТВ-ның алдын алу мәселелері туралы білім деңгейін арттыру. Шара барысында орталықтан ақысыз түрде қан тапсыруға болатындығы айтылып, стигма, дискриминация бойынша ақпараттар берілді. Іс-шара барысында мектептің жоғары сынып оқушыларының барлық сұрақтарына жауаптар беріліп беріліп, АИТВ жұғу жолдары туралы бейнероликтер көрсетілді. Дәріске мектептің 19 оқушысы қатысты.