Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ лицей-интернатында дәріс өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары оқушылармен кездесу өткізіп, АИТВ-инфекциясының алдын алу тақырыбында танымдық дәріс ұйымдастырды.
Кездесу барысында психолог Г. Салпыкова жасөспірімдерге АИТВ жұғу жолдары, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, қауіпсіз мінез-құлықтың маңызы, өз денсаулығына ұқыптылықпен қарау және қоғамда стигма мен кемсітушіліктің алдын алу туралы дәріс өтті. Сонымен қатар, оқушыларға ақпараттық парақшалар таратып, АИТВ инфекциясының алдын алу жолдары жөнінде пайдалы кеңестермен бөлісті.
Шара соңында оқушылар басқа мектеп оқушыларына «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен челлендж жолдады.