18.03.2025 жылы «Мейірім» Медициналық орталығы» мекемесінде «Денсаулық сақтау мамандары арасында АИТВ қатысты стигма және кемсітушілік» тақырыбында оқыту семинар-тренингі өткізілді. АИТВ өмір сүретін адамдарға стигма мен кемсітушілікке жол бермеу туралы медицина қызметкерлерінің назарына жеткізілді.
Семинар-тренинг Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды іске асырудың 2023-2026 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде өткізілді (ҚР ДСМ 16.03.2023 ж.т. № 155 бұйрығы). 21 медицина қызметкері оқытылды.
Семинар-тренингті Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы И.И. Дегтярева өткізді. Сертификат нөмірлері 151-ден 171-ге.