Құрметті БАҚ өкілдері!
Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығында «Көшбасшылық-қауымдастықтарға» ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС күрес күніне арналған айлық жарияланды. Іс-шара АИТВ-инфекциясымен күресте нәтижелі жұмыс істеу, бұқараны ақпараттандыру, әлемде таралуын азайтуды мақсат етеді. Өңірлік БАҚ өкілдері үшін 2023 жылдың қарашаның 22-сі күні Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында сағ. 11.00-де қоғамдастық көшбасшыларының, әкімдік және ЖҚБ өкілдерінің қатысуымен «Көшбасшылық-қауымдастықтарға» атты баспасөз конференциясы өтеді. Іс-шараның мақсаты мен міндеттері, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жалпы халықтың, оның ішінде жастар арасында АИТВ/ЖИТС алдын алу мәселелерінде хабардарлығын арттыру, салауатты өмір салтын ұстану туралы кеңінен насихаттауды ұйымдастыру және АИТВ инфекциясын жұқтыруға алдын алу мінез-құлық, әдет стереотиптерін қалыптастыру.
Науқанның мақсаты: ешкімді назардан тыс қалдырмай, барлығына медициналық көмектің қолжетімділігін, қолайлылығын және сапасын қамтамасыз ету.