Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Биылғы жылы бұл оқиға 15 мамырға келеді.
Дүниежүзілік еске алу күні – бұл АИТВ-инфекциясының одан әрі таралуына қарсы тұру дайындығы мен ниетін көрсетудің тағы бір мүмкіндігі.
Осы іс-шараны өткізудің мақсаты-ЖИТС-тан қайтыс болған адамдарды еске алу, қоғамға АИТВ-ның берілу жолдары, АИТВ-инфекциясынан қорғану әдістері және ауруды дер кезінде диагностикалау туралы ақпарат беру.
Әрбір адам эпидемияға қарсы күрес ісіне өз үлесін қоса алады, уақытылы тестілеуден өтіп, өз денсаулығы мен қоршаған адамдардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыра отырып, өзін және жақындарын қорғай алады.
Тарихы:
Аурудың алғашқы жағдайлары 1981 жылы АҚШ-та, негізінен бір-бірімен жыныстық қатынасы бар ерлер арасында табылды. Келесі жылдары ауру халықтың басқа топтарының арасында да тіркелген.
1982 жылы ЖИТС аббревиатурасының толық жазылуы енгізілді – Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы, АИТВ-инфекциясының соңғы сатысы.
Еске алу күні құрметіне алғашқы іс-шаралар 1993 жылы Сан-Франциско қаласында өтті. Оларды әлемнің көптеген елдері қолдады.
1985 ж. вирусты анықтауға арналған бірінші тесттің ойлап табуымен ерекшеленді және ықтимал берілу жолдары аталды.
1988 жыл 1 желтоқсан –ЖИТС – пен күрестің ресми күні болып аталды-құрылтайшылары Джеймс Бунн және Томас Неттер.
1991 жылы ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу үшін суретші Фрэнк Мур қызыл лента түрінде символ жасады, оны киімге шаншады.
Қазақстанда АИТВ инфекциясының алғашқы жағдайы 1987 жылы тіркелді. Осы уақытта әлемнің көптеген елдерінде АИТВ-инфекциясы індетіне қарсы әрекет ету үшін түрлі алдын алу бағдарламалары қабылданады. СССР Денсаулық сақтау министрлігінің 1989 жылғы 10 сәуірдегі № 239 бұйрығымен ҚазССР Денсаулық сақтау министрлігінің жанынан ЖИТС-пен күрес жөніндегі Комитет құрылды.
Қазақстанда АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша ДДҰ мен ЮНЭЙДС-ның қазіргі заманғы халықаралық ұсыныстары енгізілуде.
Жамбыл облысы 2022 жылдың 3 ай ішінде АИТВ -жұқпасының 31 жағдайы анықталды, 12-49 жас аралығындағы ауру таралуының көрсеткіші 0,16% құрады. 100 мың тұрғынға шаққанда көрсеткіш 2,6 % құрады
Әлеуметтік мәртебесі бойынша жұмыс істемейтін контингенттің арасында бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 56,7% оқиға тіркелген. Балалар мен жасөспірімдер арасында АИТВ-инфекциясы жағдайлары тіркелген жоқ.
Сыртқы түріне қарай, адам жұқтырған немесе жұқтырмаған адамды анықтау мүмкін емес. Адамда АИТВ-ы бар немесе жоқ екенін тек бір жолмен ғана білуге болады. АИТВ-ға тест тапсыру арқылы.
АИТВ инфекциясын жұқтырмау үшін есте сақтау қажет!
АИТВ тек қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде, қан арқылы және инфекцияланған анадан балаға (жүктілік, босану, ана сүтімен тамақтандыру кезінде) беріледі.