29.11.2018ж. «Жасөспірімдердің жыныстық жетілуінде АИТВ білімінің қажеттілігі» тақырыбында №39-ші мектеп-гимназияның жоғары сынып оқушылары арасында дәріс өткізілді. Іс шараны ұйымдастырғандар: мектеп директорының құқық жөніндегі орынбасары Батырбаева С.К., Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының ұйымдастыру әдістемелік бөлім меңгерушісі Копбосунова А.О. Дәріс және бейнебаян АИТВ-ның алдын алу сауалдары төңірегінде жүргізілді. Жасөспірімдердің мінез-құлық әрекетінің анағұрлым қауіпсіз жолға бағытталуын қамтамасыз ету бүгінгі таңда АИТВ-ның таралуын тежеудің негізі болып табылатыны жөнінде мамандармен бір ауыздан айтылды.