Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Экономика және құқық факультеті студенттерімен АИТВ жөніндегі ақпараттық кездесу

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының эпидемиолог дәрігерлері С. Дулатбаева мен Д. Абдраманова АИТВ инфекциясын алдын алу бойынша М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Экономика және құқық факультеті студенттеріне ақпараттық дәріс өткізді.
Кездесу барысында мамандар Қазақстандағы, сондай-ақ Жамбыл облысындағы АИТВ инфекциясының ағымдағы эпидемиологиялық жағдайына тоқталып, өңірде атқарылып жатқан алдын алу шаралары мен тұрақты ақпараттық жұмыстардың маңызын түсіндірді.
Дәріс барысында АИТВ-инфекциясының, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу жолдары, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары, салауатты өмір салтын ұстанудың мәні туралы кең көлемді ақпарат ұсынылды.
Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, дәрігерлер тарапынан жан-жақты әрі кәсіби жауап алды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ стигма мен кемсітушіліктің алдын алу болып табылады.