
Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің Энергетика факультеті студенттеріне «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» тақырыбында ақпараттық дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты – жастарға АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы дұрыс ақпарат беру, алдын алу мәдениетін қалыптастыру және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды насихаттау. Кездесу барысында маман:
– АИТВ-ның жұғу жолдарын,
– алдын алу әдістерін,
– қауіпсіз мінез-құлықтың маңызын,
– қоғамдағы стигма мен кемсітушілікпен күресу жолдарын түсіндірді.
Студенттер мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Соңында ниет білдіруші студенттер ИФТ әдісі арқылы қан сынамасын тапсырды.