Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мәжіліс залында клинико-диагностикалық зертхана тазалықшысы Алтаева Баян Құсманқызын құрметті зейнеткерлік жасына шығуымен құттықтауға арналған салтанатты шара өтті.
Іс-шара барысында бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары Калметова Гүлжан Алдабергенқызы зейнет демалысына шығуымен Баян Құсманқызын ерекше ықыласпен құттықтай отырып, оның қажырлы еңбегін бағалап, орталық атынан мадақтама қағазын тапсырып, естелік сыйлықтарын тарту етті.
Одан кейін сөз кезегін орталықтың AMANAT партиясы жанындағы “ИММУНИТЕТ” бастауыш партия ұйымының төрағасы Малимов Алтайхан Әлмаханбетұлы алып, Баян Құсманқызын шын жүректен құттықтады. Ол партия ұйымы және ұжым атынан ардагерге ризашылығын білдіріп, ұзақ жылғы еңбегі үшін алғыс айтты.
Салтанатты шара соңында Баян Құсманқызы сөз сөйлеп, ұжымға шексіз алғысын жеткізді. Ол бірге еңбек еткен әріптестеріне жылы лебізін арнап, алдағы қызметтеріне табыс, зор денсаулық, бірлік пен ынтымақ тіледі.
Бұл жиын – әр маманның өз ісінде бағаланатынын дәлелдеген ізгі әрі тағылымды шара болды.