🔰Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева және психолог маманы Г.Шамурзаева «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ Тараз қаласы бойынша Мансаптық орталық филиалында семинар өткізді.
🔹Іс-шараның негізгі мақсаты – АИТВ инфекциясының алдын алу, ақпараттандыру деңгейін арттыру, қауіп факторлары мен жұғу жолдары туралы түсіндіру, сонымен қатар стигма мен дискриминацияны болдырмауға ықпал ету болды.
🔹Семинар барысында қатысушыларға АИТВ инфекциясының таралу жолдары, оның алдын алу шаралары, ерте анықтаудың маңыздылығы және тегін, құпия медициналық көмек алу мүмкіндіктері жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, инфекциядан қорғану әдістері туралы кеңестер ұсынды.
✅Іс-шара соңында қатысушыларға тақырыпқа байланысты ақпараттық бүктемелер, жадынамалар таратылып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттілігі баса айтылды.