🔰Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясын алдын алу орталығының инфекционист-дәрігері Сауле Токбураева Тараз қаласындағы «Эскулап» емдеу орталығының қызметкерлеріне арнайы семинар сабағын өткізді.
🔹Семинардың негізгі тақырыптары ретінде «АИТВ инфекциясымен бірге басқа да аурулары бар науқастарды емдеу мәселелері» және «Анадан балаға АИТВ, мерез және С гепатитінің берілуін болдырмау шаралары» талқыланды.
🔹Семинар барысында Сауле Дастанқызы АИТВ және оның адам өміріне әсері, сондай-ақ инфекциямен өмір сүретін адамдардың әлеуметтік және психологиялық жағдайлары туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, қосымша аурулары бар АИТВ науқастарын дұрыс басқару және емдеу жолдары талқыланды.
🔹Анадан балаға АИТВ, мерез және С гепатитінің берілуін болдырмау мәселелері де кеңінен қаралды. Сауле Токбураева бұл инфекциялардың балаға берілу жолдарын түсіндіріп, олардың алдын алу үшін қолданылатын медициналық шаралар туралы нақты айтты. Мысалы, жүктілік кезінде АИТВ статусын анықтап, алдын алу терапиясын дұрыс тағайындаудың маңыздылығын, сондай-ақ үнемі медициналық бақылаудың қажеттілігін ерекше атап өтті.
✅Семинар соңында дәрігер қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.