Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Филология және гуманитарлық ғылымдар факультетінің студенттерімен АИТВ жөніндегі ақпараттық кездесу

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының эпидемиолог дәрігерлері С. Дулатбаева мен Д. Абдраманова «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» атты науқан аясында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті студенттеріне ақпараттық дәріс өткізді.
Кездесу барысында мамандар Қазақстандағы, сондай-ақ Жамбыл облысындағы АИТВ инфекциясының ағымдағы эпидемиологиялық жағдайына тоқталып, өңірде атқарылып жатқан алдын алу шаралары мен тұрақты ақпараттық жұмыстардың маңызын түсіндірді.
Дәріс барысында АИТВ-инфекциясының, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу жолдары, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары, салауатты өмір салтын ұстанудың мәні туралы кең көлемді ақпарат ұсынылды.
Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, дәрігерлер тарапынан жан-жақты әрі кәсіби жауап алды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ стигма мен кемсітушіліктің алдын алу болып табылады.