2023 жылғы 14 желтоқсанда ХКҰ (Халықаралық көші-қон ұйымы) бастамасымен Тараз қаласында жергілікті билік өкілдерінің қатысуымен мигранттардың құқықтарын қорғау бойынша бір күндік дөңгелек үстел өтті. Отырыста мигранттардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның ағымдағы тетіктері қаралып, жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың мигранттармен өзара әрекеттесу және қажетті қызмет көрсету кезінде кездесетін өзекті мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстелге Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері А.А. Исаев және АИТВ-инфекциясын қадағалау бөлімінің меңгерушісі И. И. Дегтерева қатысты.