
Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог дәрігері С. Дулатбаева және психолог маманы Г. Шамурзаева Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің кадастр, жерге орналастыру жіне экология факультетінің студенттеріне «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» атты ақпараттық дәріс өткізді.
Іс-шараның мақсаты:
– жастарға АИТВ/ЖЖБИ туралы ғылыми негізделген, дұрыс ақпарат жеткізу;
– жұқпалы аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру;
– ақпараттық сауаттылықты арттыру;
– денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды насихаттау;
– салауатты өмір салтын кеңінен ұсыну.
Дәріс барысында мамандар АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу тәсілдері, қауіпсіз мінез-құлықтың рөлі, қоғамдағы стигма мен кемсітушілікке қарсы іс-әрекеттер туралы жан-жақты түсіндіріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық бүктемелер таратылып, ниет білдірген студенттердің медициналық пунктте ИФТ әдісі арқылы өз еркімен қан тапсыра алатыны хабарланды.