Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мамандары Тараз қаласындағы Kcell/activ ұялы байланыс операторларының қызметкерлеріне АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында орталықтың мобилді тобы ұжым қызметкерлерімен кездесу өткізіп, АИТВ инфекциясының берілу жолдары, қорғану тәсілдері, ерте анықтаудың маңыздылығы, сондай-ақ стигма мен кемсітушілікке қарсы күрес тақырыптарында кеңінен ақпарат берді.
Кездесуге қатысқан қызметкерлерге орталықтың психолог мамандары – Г.Шамурзаева мен М.Бегманова кәсіби психологиялық кеңес беріп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы айтып өтті. Сонымен қатар, қатысушыларға ақпараттық бүктемелер мен парақшалар таратылып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.